Ауа райы • Бүгін, 15:03

Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2-4 мамыр аралығында ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, ел өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп жазады Egemen.kz.

Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?

Мамандардың мәліметінше, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын үш күн бойы толассыз жаууы мүмкін. Ал 4 мамыр күні нөсер жаңбыр солтүстік-батыс аймақтарға да жетеді деп болжанған. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақыттарда республика көлемінде тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар бірқатар өңірде үсік сақталады. Атап айтқанда, түнде батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады

Ал күндіз ауа температурасы жылына бастайды. Батыста ауа температурасы +17…+32 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік-батыста +15…+30, солтүстікте +15…+23, ал орталықта +17…+27 градус шамасында болады.

Ал шығыс пен оңтүстік-шығыста, керісінше, күндізгі температура +14…+25 және +13…+23 градусқа дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар