S
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2021
USAID Маңғыстау облысына қомақты қаржы бөлетін болды
АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін 100,000 АҚШ долларын беретіні туралы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2021
Америкалық оқушылар құлдықты қайтаруды сұрады
Миссури штатындағы Park Hill South америкалық орта мектебінің оқушылары құлдықты қайтаруды талап ететін өтініш жазды, деп хабарлайды Egemen.kz The Kansas City Star басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтанда 300-ге жуық нысан «ASHYQ» көшбасшысы атанды
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 13 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті «ASHYQ» жобасына қатысады, олардың 294-і оның көшбасшысы болып есептеледі. Бұл статус жұмыс уақытын, сондай-ақ келушілер санын арттыруға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Теннис • 22 Қыркүйек, 2021
Тимофей Скатов пен Дмитрий Попко қарсыластарына есе жіберді
Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ATP Tour сериясындағы Astana Open турнирінің үшінші күні өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, қазақстандық теннисші Тимофей Скатов екінші кездесуінде ұтылып, келесі кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2021
AUKUS әскери одақ емес – Аустралия
Аустралия-Ұлыбритания-АҚШ үшжақты серіктестігі (AUKUS) технологиялармен алмасу үшін құрылған және әскери одақ емес. Австралияның Сыртқы істер министрі Марис Пейн осындай мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2021
Ең көп ақша алатын футболшы кім?
Forbes журналы 2021 жылы ең көп ақша төленетін футболшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz басылымның сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2021
British Airways ұшағы Ташкентке шұғыл қонды
Исламабадтан Лондонға ұшатын British Airways ұшағы жолаушының өліміне байланысты Ташкент әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021
Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды
Дәстүрлі Kazakhstan Growth Forum-да жылдың үздік басшылары мен үздік компанияларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021
«Astana Media Week – 2021» 27-28 қыркүйекте өтеді
AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 22 Қыркүйек, 2021
Astana Open ATP 250 турниріне жанкүйерлер кіргізуге рұқсат берілді
Ведомствоаралық комиссияның көрермендерді трибунаға жіберу туралы шешімінің арқасында Қазақстан теннис федерациясы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Open ATP 250 турниріне жанкүйерлер жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2021
Тұңғыш турнир теннисшілерді Арқа төсінде тоқайластырды
Кеншілер астанасында үстел теннисінен ITTF Kazakhstan International Open-2021 халықаралық турнир өтті. Былтыр ғана бой көтерген Saryarka үстел теннисі орталығын екі күн дүбірге бөлеген додада Аустрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр қиырынан келген 70-тен астам спортшы 30 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салды.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Тұрақты азық-түлік жүйесін қаржыландыру
БЕЙЖІҢ. Жаһандық азық-түлік жүйесі тұрақты емес. Оның құны жылына шамамен 8 триллион долларды құраса, теріс әсері 12 триллион доллардан асып кетті. Бұл жүйенің бір ғана қарама-қайшылығы емес. Әлемде азық-түлік жүйелері климаттың өзгеруіне әсер етеді (ауа райының бұзылуы мен температураның жоғарылауы) және оған айтарлықтай үлес қосады (парниктік газдар шығарылымы мен биоәртүрліліктің жойылуы). Осы саладағы миллиондаған жұмыс орнының көбі қара күшті қажет етеді әрі жалақысы төмен. Ең маңыздысы, басты мақсаты – баршаға қолжетімді, пайдалы тамақпен қамтуға қол жеткізе алмайды.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2021
Тимофей Скатов Андреас Сеппиге сан соқтырды
Бұл күндері Нұр-Сұлтанда ATP Tour сериясындағы Astana Open турнирі өтіп жатыр. Жүлде қоры 480 000 АҚШ долларын құраған айтулы додада Қазақстаннан бөлек, Испания, Франция, АҚШ, Ресей, Аустралия, Сербия, Швеция, Колумбия, Италия, Чехия, Чили, Беларусь, Оңтүстік Корея, Финляндия және Литва сынды мемлекеттерден келген танымал теннисшілер бақ сынауда.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2021
Әлемдік БАҚ топ-менеджерлері елордада бас қосады
Жыл сайынғы «Astana Media Week-2021» шарасы 27-28 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Egemen.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап хабарлайды.
Теннис • 20 Қыркүйек, 2021
Astana Open: Тимофей Скатов тәжірибелі теннисшіден басым түсті
Қазақстандық, әлемнің 280-ракеткасы, 20 жастағы Тимофей Скатов Astana Open ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 20 Қыркүйек, 2021
Astana Open: Дмитрий Попко негізгі турнирге жолдама алды
Қазақстандық Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2021
NASA-да Марсқа саяхаттайтын жаңа жоба жасалды
NASA жаңа онлайн-жобаны жасады Explore with Perseverance (mars.nasa.gov), соның арқасында пайдаланушылар Жерден шықпай-ақ, Марста серуендеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2021
SpaceX азаматтық экипажы Жерге оралды
SpaceX-тің алғашқы азаматтық коммерциялық экипажы мінген Crew Dragon кемесі ғарышта үш күн болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021
«Қызыл» мәртебесі бар 223 көкшетаулыққа айыппұл салынды
Карантиндік талаптарды бұзған 223 көкшетаулыққа қатысты әкімшілік материалдар жасалып, жалпы сомасы 8 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 17 Қыркүйек, 2021
Юлия Путинцева Словения турнирінің финалына шығады
Словенияда WTA – Zavarovalnica Sava Portoroz сериясынан кәсіби турнир өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 17 Қыркүйек, 2021
Ресей AstraZeneca вакцинасын өндіре бастады
Ресейлік «Р-Фарм» фармацевтикалық компаниясы экспорттық мақсаттар үшін Оксфорд университетімен AstraZeneca лицензиясы бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шығара бастады. Бұл туралы Ресей Индустрия және сауда министрлігі басшысының бірінші орынбасары Василий Осьмаков хабарлады, деп жазады Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Әлем • 17 Қыркүйек, 2021
ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын мақұлдау процесін тоқтатты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің "Спутник V" вакцинасын қарау процедурасын тоқтатты. Бұл туралы брифингте ДДСҰ жанындағы Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы директорының орынбасары Ярбас Барбоса мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2021
Тамақ өндірісіндегі табысты жоба
Қарағандыда Қазақстан мен Орталық Азиядағы тамақ өнеркәсібіне арналған май өнімін жетекші өндірушілердің бірі болып табылатын «Eurasian Foods» АҚ кәсіпорнында жабдықты жаңартудың кезекті кезеңі аяқталады. Тек соңғы бес жылдың ішінде Eurasian Foods Corporation холдингінің құрамына кіретін кәсіпорын өз өндірісін жаңартуға 4,7 млрд теңгеден астам инвестиция салған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Қыркүйек, 2021
АҚШ, Ұлыбритания және Австралия қорғаныс альянсын құрды
Австралия, Ұлыбриятания және АҚШ қорғаныс және қауіпсіздік қаласында жаңа үш жақты әріптестік – AUUKUS альянсы құрылғанын жариялады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Қыркүйек, 2021
«Әуесқой ғарышкерлер» орбитаға ұшырылды
Ғарыш туризмі жаңа айналымға шықты: Илон Масктың SpaceX компаниясының «Драгон» (Dragon) капсуласында орбитаға төрт «әуесқой ғарышкер» аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Қыркүйек, 2021
Түркияда Sokol TurAz-2021 тактикалық ұшу жаттығулары өтіп жатыр
Түркияда Әзірбайжан-Түрік бірлескен Sokol TurAz-2021 тактикалық ұшу жаттығуларында Әзербайжан мен Түркия Әскери-әуе күштері жауынгерлерінің экипаждары әр түрлі эпизодтар бойынша тапсырмалар орындады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Қыркүйек, 2021
«АSTANA» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Бүгін «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей «АSTANA» телеарнасының ұжымына жаңа бас директорды таныстырды. Жаңа басшы бұрын «NUR Media» холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарған Әзизхан Әбілдинов, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 14 Қыркүйек, 2021
АҚШ мамонтты қайта тірілтуді жоспарлап отыр
АҚШ-тың Colossal биотехнологиялық компаниясының зерттеушілері генетикалық технологияның көмегімен жойылып кеткен жүнді мамонтты қайта тірілтуге күш салмақ, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Бизнес • 13 Қыркүйек, 2021
Екі жаңа өнеркәсіп паркі іске қосылады
2021 жылдың қыркүйегінде Ala Estate және ADS Industries жаңа өнеркәсіптік парктері іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы Алматы қаласында өткен шағын өнеркәсіптік парктер бағдарламасын (Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың Өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде) дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте белгілі болды.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2021
«Словакия турына» аттанатын спортшылар құрамы бекітілді
«Astana-Premier Tech» командасы 15-19 қыркүйек аралығында өтетін «Словакия туры» көпкүндік жарысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.