Қазақстан • 12 Қазан, 2021

Алматыдан ұшып шыққан «Air Astana» ұшағы кері қайтты

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан ұшып шыққан «Air Astana» ұшағы әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдан ұшып шыққан «Air Astana» ұшағы кері қайтты

Авиакомпанияның хабарлауынша, Алматы - Ақтөбе КС 863 рейсін орындаған борт Алматыдан сағат 05.30-да ұшып шыққан.

«Ұшып келу әуежайында техникалық қызмет көрсетілмегендіктен, әуе кемесінің командирі ұшып шығу әуежайына оралу туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті», делінген хабарламада.

Рейстің ұшуы 15.40-қа шегерілді.