Фото: Polisia.kz
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде бірқатар қылмыстық схемалар әшкереленді.
Ақтөбе облысында есірткі бизнесін жүргізгендер 17 жылға сотталды
Шет мемлекеттердің бірінде іздеуде жүрген азамат Қарағанды қаласында синтетикалық есірткі өндіруді қашықтан ұйымдастырғаны үшін ұсталды.
Астанада жалдамалы пәтерде Еуропа елдерінің бірінің 32 жастағы азаматы құрықталып, оның есірткі жасырумен айналысқаны анықталды. Тінту барысында 1,5 келі синтетикалық және каннабис түріндегі есірткі тәркіленді.
Алматыда Шығыс Еуропа елдерінің бірінің 44 жастағы азаматы ұсталып, одан 1,2 келі «A-PVP» синтетикалық есірткісі алынған.
Ақтауда көрші мемлекеттердің бірінің 21 жастағы азаматы қолға түсіп, оның есірткіні жасыру тәсілімен таратқаны белгілі болды. 30 грамм «мефедрон» заңсыз айналымға жіберілмей, тәркіленді.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің сөзінше, есірткі қылмысы трансұлттық сипатқа ие, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Ел аумағы арқылы есірткі өндірісі мен транзитін ұйымдастырудың кез келген әрекеті заң шеңберінде қатаң тоқтатылады.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес: 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды