Мереке • Бүгін, 18:46

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде елімізде жоғары кәсіби, мобильді, заманауи қару-жарақ пен техникамен жабдықталған әскер қалыптасты. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде Конституция талаптарына  сәйкес әскердің даму  перспективаларын, елдің ұлттық қауіпсіздігінің  жаңа тетіктерін белгіледі. Мемлекеттің  қорғаныс қабілетін арттыру және оның Қарулы Күштерін  тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдап отыр.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды

Ұлытау облысында өткен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шарада Отан қорғаушылардың еліміздің қорғаныс саласында алар орны ерекше екені паш етілді. Отан қорғаушы күні – отансүйгіштік рухты күшейтіп, ұлттың бірлігін нығайтатын мереке. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілер мен барша ер-азаматтарды құрметтейтін маңызды мереке. Отанды қорғау – тек қарумен ғана емес, біліммен, еңбекпен, адалдықпен де жүзеге асады.

Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Салтанатты жиынға облыс әкімі Дастан Рыспеков қатысып, айтулы күннің ел өміріндегі айрықша маңызына тоқталды.

«Қасиетті Ұлытау – ежелден ерлік пен намыстың мекені, ұлтымыздың алтын ұясы. Біз бүгін аға буынның қаһармандық дәстүрін абыроймен жалғастырып келе жатқан нағыз отаншыл азаматтарды мақтан тұтамыз. Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Айбынды әскеріміз – Тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі», деді өңір басшысы.

Салтанатты жиында азаматтарға мерекелік марапаттар табысталды. Қорғаныс министрінің  29 сәуір 2026 жылғы №432 бұйрығымен I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Сәтбаев Қорғаныс істері бөлімінің бастығы, майор Талғат Амангелдіұлы марапатталады. III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Қорғаныс істері департаментінің аға сержанты Нұрсұлтан Майрамбекұлы марапатталды. III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін Қорғаныс істері департаментінің 3-ші сыныпты сержанты Динара Тұяқбайқызы кеудесіне тақты. Біраз азаматтар  Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен, Ұлытау облысының Алғыс хатымен марапаттады.

Ж. Тойбек

Мерекелік іс-шарада Ұлттық ұланның Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің оркестрінің сүйемелдеуімен «Елдің қорғаны», «Батырлар ұраны», «Қазақ жігіттері» атты отансүйгіш әндер орындалды. Эстрада жұлдызы, ұлытаулық Қуандық Рахым әннен шашу шашты. «Нұршашу» ансамблінің бишілері сахна сәнін келтірді.

Ұлытау облысы

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды

Соңғы жаңалықтар