Фото: Ашық дереккөз
Тексеру барысында жер учаскелерін жалған құжаттар негізінде заңдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қоюға жататын жерлерді заңдастыру фактілері анықталды.
Прокуратура актісі негізінде уәкілетті органдармен тиісті шаралар қабылданды.
«Нәтижесінде, мемлекет меншігіне жалпы алаңы 1,2 га, кадастрлық құны 90 млн теңге болатын жер учаскелері қайтарылды», делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр және прокуратураның тұрақты бақылауында тұр.