и
Оқиға • 04 Қараша, 2024
«Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі Хасан Қасымбаев қамауға алынды
Алматы облысының Полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 04 Қараша, 2024
Алматы облысында вольфрам өндірісі іске қосылды
Алматы облысында вольфрамды қайта өңдейтін еліміздегі алғашқы зауыттың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2024
Каспий теңізіне 17 млрд текше метрге жуық су жіберілді
Жыл басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 миллиард текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Қараша, 2024
Обырды емдеу орталықтары ашылады
Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркияның «Orhun Medical» компаниясы онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін емдеу мен диагностиканың сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ауқымды жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.
Бокс • 04 Қараша, 2024
Қазақ боксшылары әлем чемпионатында көш бастады
3 қазан күні Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасында өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүниежүзілік додада еліміздің жас былғары қолғап шеберлері 17 медальмен жалпы есепте көш бастады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 03 Қараша, 2024
Елордада Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті өтті
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарына симфониялық кеш сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 03 Қараша, 2024
Голливуд фильмдерінің қазақ тілінде дыбысталуы үлкен жетістік - Аида Балаева
Соңғы кездері Sony, Disney және Pixar сияқты ірі студиялар фильмдерін қазақ тілінде дубляждап шығарып, қазақ дубляжының өрістеуіне жол ашып отыр. Бұл үрдіс тіліміздің әлемдік деңгейде насихатталуына тың серпін береді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Қараша, 2024
Алматыда TalentforBIZ мансап жәрмеңкесі өтті
Соңғы бес жылдан бері Түркияның Президент жанындағы Кадрлық басқармасының үйлестіруімен 10 түрлі елде 15 рет жұмыс берушілер мен болашағы бар жастардың басын қосатын TalentforBIZ мансап жәрмеңкесі тұрақты өтіп келеді. Күні кеше Алматыда өткен айтулы шараға қатысқан Қазақстан жастары да осындай мүмкіндікке ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2024
Ақтөбеде мектеп оқушысы итті аяусыз пышақтаған
Темір ауданы, Кеңқияқ ауданы оқушысының ісі комиссияда қаралатын болды. Психологтар да баламен жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Қараша, 2024
Түркістанда әйел бөтелкелесін пышақтап өлтіріп қойды
Түркістанда әйел бірге тұрған адамды пышақтап өлтірген. Жанжал екеуі ішімдік ішіп отырған кезде туындаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 03 Қараша, 2024
Маңғыстауда компания директоры жұмысшылардың ақшасын жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Кезби» компаниясына қатысты қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 03 Қараша, 2024
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын қолға түсті
Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған облыс тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 03 Қараша, 2024
Аннуитет VS тең үлестер: Несие алғанда қайсысын таңдаған дұрыс
Онлайн қолма-қол несие алғанда «аннуитет» және «тең үлестер» деген таңдау берілетінін көрген боларсыз. Тек оның қандай айырмашылығы бар екенін білесіз бе?
Ауа райы • 03 Қараша, 2024
Бүгін 14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
3 қарашада еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Қараша, 2024
Қазақ боксшысы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Даниял Райымбеков (85 кг) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Қараша, 2024
Қараша айында ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың қараша айына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Қараша, 2024
Қазақстан шетелдіктерге арналған визаның жаңа түрін енгізді
Қазақстанға келетін саяхатшылар үшін Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Қараша, 2024
Орта Азия елдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты нығайтты
2024 жылдың 30-31 қазан аралығында Астанада БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын Орта Азияда жеделдетіп іске асыруға және Агенттіктің 10 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 02 Қараша, 2024
«Қазақфильм» киностудиясы жер мәселесіне қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы соңғы күндері Рысқұлов даңғылы, 101Б мекенжайында орналасқан жер учаскесі мен бұрынғы «Қазкино» кешенін сату туралы тарап кеткен ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта учаске мен ғимарат киностудияның меншігінде және сатуға шығарылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 02 Қараша, 2024
Ұлы Дала жауһарлары Франция төрінде ұсынылады
2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан мен Франция Мемлекет басшыларының қолдауымен Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде (Париж) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қараша, 2024
Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіріп жатыр
Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 01 Қараша, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Елорда • 01 Қараша, 2024
Астана қаласы мәслихатының депутаттары жастармен кездесті
Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Әрекет ету уақыты» өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық құрылтайына қатысушылармен кездесіп, әлеуметтік бастамаларды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қараша, 2024
Тау-кен саласына салық салу тәртібі өзгереді - Мәди Такиев
Қаржы министрлігінің өкілдері еліміздің өңірлерінде ірі бизнес пен ШОБ субъектілері, сондай-ақ жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен кездесулерді өткізуді жалғастырып жатыр. Осы жолы Қарағандыда отандық тау-кен секторына салық салу мәселелеріне арналған жиын ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Қараша, 2024
Мемлекеттік сатып алу: Жаңа заңның артықшылығы неде
Қаржы министрі Мәди Такиев бастаған ведомствоның өкілдері Қарағанды қаласында болып, 2025 жылдың 1 қантарынан бастап күшіне енетін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңдағы басымдықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 01 Қараша, 2024
Профессор Шериаздан Елеукенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Рүстемұлы Елеукеновтің 1993-2020 жылдар аралығында Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі №129/135 мекенжайында тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Сот отбасылық жанжалды шешіп, бала мүддесін қорғады
Сот ажырасып кеткен үш балалы ерлі-зайыптыларды татуластырып, балалардың әкесімен қарым-қатынас тәртібін белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Елімізде заманауи көшпелілерге арналған жаңа виза енгізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді. Бұл виза заманауи көшпелілерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режим пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті енгізген 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесін назарға алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Қазақстан жүзушілері Сингапурда екі рекорд орнатты
Сингапурда жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде отандастарымыз екі ұлттық рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Қараша, 2024
«Alash» балалары Түркияда топ жарды
24-29 қазан күндері Түркияның Белек қаласында «Belek International Youth Cup 2024» халықаралық турнирі өтті. Додаға Түркия, Өзбекстан және елімізден барған бірнеше команда қатысты.