Қылмыс • 03 Қараша, 2024

Түркістанда әйел бөтелкелесін пышақтап өлтіріп қойды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда әйел бірге тұрған адамды пышақтап өлтірген. Жанжал екеуі ішімдік ішіп отырған кезде туындаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда әйел бөтелкелесін пышақтап өлтіріп қойды

Төтенше жағдай кеше Түркістандағы жеке сектордағы үйлердің бірінде болды. Онда 48 жастағы әйел 52 жастағы серіктесін пышақтап өлтірген. Олар бірге ішімдік ішкен.

CMN.KZ басылымының мәліметінше, ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Ол қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың бірінің қызметкері болған. Алайда әйел жұмыс істемеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, сот күнін күтіп отыр.