е
Елорда • 21 Ақпан, 2025
Астанада ірі матчтарға байланысты жол қозғалысы өзгереді
22 ақпан күні елордада футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін матч және «Барыс» ХК ойыны өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Ақпан, 2025
Үкіметте салық саясатын жетілдіру мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастығының Қазақстан Үкіметімен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру, оның ішінде салық саясатын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 21 Ақпан, 2025
Жұмсақ климаттың арқасында еліміздің оңтүстігінде көктемнің алғашқы жаршысы басқа өңірлерге қарағанда ерте гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Ақпан, 2025
Ақтөбеде полиэтилен өнімдерін шығаратын цех өртенді
Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы полиэтилен өнімдерін шығаратын жеке цех отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2025
«Kaspi Profit»-ке алданған тұрғын 9 млн теңгесінен айырылған
Ұлытау облысының прокуратурасы аймақта алаяқтықпен күресу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінгі күні кейбір азаматтар әлеуметтік желілерде инвестиция арқылы «қаражатты оңай көбейтуге болады» деген жалған жарнамаға иланып, зымяндардың торына түсіп отыр.
Бокс • 21 Ақпан, 2025
«Странджа кубогінде» жұдырықтасатын боксшылар анықталды
22 ақпан - 3 наурыз аралығында Болгарияда кіші әлем чемпионатымен пара-пар «Странджа кубогі» басталады. Халықаралық былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде еліміздің намысын қорғайтын спортшылар іріктелді, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 21 Ақпан, 2025
ҚазҰУ ғалымдары отандық фармацевтикаға үлес қосады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылатын дәрілік препараттарды жетілдірді.
Оқиға • 21 Ақпан, 2025
Көліктен 14 қап киік еті табылған
Қызылорда облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Ақпан, 2025
335 мың қазақстандық көлік салығын төлемеген
Еліміздегі жеке тұлғалардың жалпы берешегі 10,7 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2025
Қазақстан Азия Кубогінде нысана көздеуден көш бастады
Бүгін Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогінің соңғы жарыс күні өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Ақпан, 2025
Цифрлық теңгенің артықшылығы неде
Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп, 2024 жылдың төртінші тоқсанынан бастап цифрлық теңгені қолдана отырып, цифрлық ҚҚС бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Ақпан, 2025
Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландырады
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 21 Ақпан, 2025
Жаңадан жабдықталған физика зертханалары ашылды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының физика зертханалары ашылды. Зертханалар заманауи физика мұғалімдерін даярлауда маңызды рөлге ие PHYWE және PASCO құралдарымен жабдықталды.
Заң • 21 Ақпан, 2025
Перизат Қайратқа жаңа айып тағылды
Перизат Қайрат мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға алаяқтық жолмен ақша жинады деген күдікке ілікті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Ақпан, 2025
Астанада алаяқ әйел жоқ үйлерді жалға берген
Қолға түскен әйелдің осы сипаттағы 5 іске қатысы бар екені анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 21 Ақпан, 2025
600-ден астам алматылық оқушы халықаралық жүлде алған
Былтыр 600-ден астам алматылық оқушы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 21 Ақпан, 2025
Антикор төрағасы Димаш Құдайбергенмен кездесті
Антикор төрағасы Асхат Жұмағали танымал әнші Димаш Құдайбергенді қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 21 Ақпан, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2025
Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 072 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Ақпан, 2025
Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін күшейтеді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2025
Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды
Ұлытау облысындағы энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Ақпан, 2025
Пойыз қозғалысы кезінде суретке түспек болған әйел қаза тапты
Шри-Ланкада пойыз қозғалысы кезінде селфиге түсуге тырысқан ресейлік турист Ольга Перминова қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Ақпан, 2025
Ақтөбе колледжі директоры 108 студенттен 500 мың теңге жинаған
Ақтөбе қаласының №2 соты «ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің» директоры Гүлбану Тәкішеваны коммерциялық пара алғаны үшін кінәлі деп таныды.
Білім • 20 Ақпан, 2025
Мектепке ішіп барып, оқушыға қол көтерген күзетші жұмыстан қуылды
Павлодарда жұмысқа ішімдік ішіп келіп, 6-сынып оқушысын кеудесінен ұрып жіберген мектеп күзетшісінің әрекетіне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Ақпан, 2025
Ауа температурасы +16: Синоптиктер ертеңгі күн райына болжам жасады
«Қазгидромет» РМК сайты 21 ақпан, жұма күнгі ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Атырау облысында 54 ауыл ішімдіктен бас тартты
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тұрғындары ішімдік ішпейтін ауылдар 7 ауданда орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Елімізде отандық көлікті несиеге алу жеңілдеді
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа автонесие қаулысы күшіне енді. Жаңа ережеге сәйкес, отандық автокөлікті сатып алу мақсатында несие рәсімдеу кезінде қарыз алушының басқа несиелері бойынша берешегі есепке алынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
«Қашаған» кен орнынан 115 млн тонна мұнай өндірілген
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан өндірілген мұнай 115 млн тоннадан асты. Бұл – 2016 жылдан бері алынған өнім, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 20 Ақпан, 2025
Елордада «Көктемнің оянуы» атты картиналар көрмесі өтті
Бүгін Астанада «Ауыл» партиясы мен қала әкімдігі бірлесіп Наурыз мерекесіне және «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай картиналар көрмесін ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Ақпан, 2025
Марана әуежайының үстінде екі ұшақ соқтығысты
Әуедегі ұшақтардың соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.