Тоқ
Президент • 25 Қараша, 2025
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері Бірлескен мәлімдемеге қол қойды
Бұған дейін қос ел президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгенін хабарлағанбыз. Аталған келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Головкин өзін құттықтаған Тоқаевқа алғыс айтты
World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланған Геннадий Головкин мемлекет басшысына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 24 Қараша, 2025
Желтоқсанның ортасында қазақстандықтарға бір күндік демалыс беріледі
Желтоқсан айында елімізде Тәуелсіздік күні тойланады. Бұл күн мемлекеттік және ұлттық мерекелер күнтізбесіне енгендіктен 16 желтоқсанда ел азаматтарына демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
16 желтоқсаннан бастап Алматыдан Қостанайға жаңа «Тальго» пойызы қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №119/120 «Алматы - Қостанай» бағытындағы жаңа «Тальго» пойызы 16 желтоқсанда жолға шығады, жаңа пойыз жұп күндері қатынап отырады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ерлан Қаринді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші – Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Монако Князіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қараша, 2025
Президент Түркістан облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қараша, 2025
Президент «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
«Ташкент-Хумо» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. Қазақстан Президентін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ташкентке мемлекеттік сапармен барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент: Біздің ведомстволар түрлі жоспарлар мен жол карталарын әзірлеумен әуестеніп кетті
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2025
Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады
Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қараша, 2025
Ресейдің Су-35 ұшақтары Президент Тоқаевтың ұшағымен қатарласып ұшты
Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қатарласып ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қараша, 2025
Президент: Еліміздегі тілдердің алуан түрлілігі – біздің ерекше артықшылығымыз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымында жарияланған мақаласында еліміздегі тілдердің алуан түрлілігін ерекше артықшылық деп атап өтіп, орыс тілін қолдаудың маңыздылығына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30 млрд АҚШ долларына жуықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жасалатын мемлекеттік сапары қарсаңында екі ел арасындағы қатынастардың жаңа белесіне жол ашатын маңызды құжатқа қол қойылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына жариялаған «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласында екі ел арасындағы транспорттық-логистикалық саланың маңыздылығына тоқталады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің серіктестігі – өзара сенім мен тұрақтылықтың үлгісі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына жарияланған мақаласында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Ол Ресей Президенті Владимир Путиннің белсенді және нәтижелі қызметі Қазақстан мен Ресейдің өзара жетістіктеріне тікелей ықпал еткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
«Российская газета» басылымына Қазақстан Президентінің мақаласы шықты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады
Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады6 деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қараша, 2025
АҚШ Президентінің шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия – Америка Құрама Штаттары» форматындағы саммитке қатысуы – Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды оқиға. Сарапшылардың пікірінше, бұл кездесу Астана мен Вашингтон арасындағы өзара сенімді нығайтып қана қоймай, аймақтық тұрақтылық пен жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Орталық Азия бойынша сарапшы, тәуелсіз журналист Найджел Ли (АҚШ–Сингапур) саммиттің маңыздылығын және Тоқаевтың халықаралық аренадағы рөлін талдап берді.
Президент • 05 Қараша, 2025
Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары бекітілді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Беларусь Премьер-министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.