Президент • 27 Қаңтар, 2026

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.

«Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады», делінген жеделхатта.

Айта кетейік, кеше Президент Бас прокуратурада жиын өткізді.

Сондай-ақ Премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

 

Соңғы жаңалықтар