Фото: Ашық дереккөз
Айыптау тарапының мәліметінше, сотталушы балаларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, олардың денсаулығы мен психикасына зиян келтірген.
«Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының арқасында дәлелденді, ол даусыз дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайлармен неғұрлым ауыр айып тақты», делінген Павлодар облысы прокуратурасының хабарламасында.
Үтікпен күйдіріп, шанышқымен азаптаған: Сотта анасынан жәбір көрген балалар жауап берді
Сот үкіміне сәйкес, 17 сәуірде тәрбиешіге 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген. Сонымен қатар ол 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Қарағандылық отбасы өздері асырап алған балаларды азаптап келген
Нұрболат АМАНБЕК