аз
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына еліміздегі «Келешек» мектептерінің оқушылары жаппай атсалысып жатыр. Бүгін 185 мектептің шәкірттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2026
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Отан алдындағы адалдығын нақты ісімен көрсеткен бір топ азаматты марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2026
Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде: Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында жануарларға қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру мәселесіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2026
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2026
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Үкімет басшысының тапсырмасынан кейін Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу шаралары қарқын алды. Өңірлік комиссия Оралдағы «Алтын Алма» базарында рейд жүргізіп, негізсіз көтерілген баға белгілерін бірден алдыртып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Сәуір, 2026
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Таяу Шығыстағы жағдай шегіне жетті. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы стратегиялық маңызы бар Ормұз бұғазында екі бірдей алып контейнер тасушы кемені қолға түсірді. Тегеран бұл кемелердің «басқыншы елдермен» байланысы бар деп айыптап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Сәуір, 2026
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
«Казгидромет» мамандары 25 сәуірде еліміздің бірнеше ірі қаласында метеорологиялық жағдайдың қолайсыз болатынын хабарлады. Ауада зиянды заттардың жиналуына байланысты тұрғындардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Сәуір, 2026
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
АҚШ- та енді ең ауыр қылмыс жасағандарға қатысты ату, электр орындығы және газбен тұншықтыру әдістері қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Сәуір, 2026
25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады
25 сәуір, сенбі күні бойынша Қазгидромет ұсынған мәліметке сәйкес ел аумағында ауа райы құбылмалы болады – солтүстік пен батыста жауын-шашын, кей жерлерде найзағай ойнайтыны болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Арыс – Шардара тас жолында жасөспірімдер мінген көлік апатқа ұшырап, қайғылы жағдай тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 24 Сәуір, 2026
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Жағажайдағы Азия ойындары – Қытайдың Санья қаласында өтіп жатыр. Қазақ балуаны джиу-джитсудан топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 24 Сәуір, 2026
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Қазақстанда 2027 жылы жаңа 20 000 теңгелік банкнота айналымға шығады. Бұл туралы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 24 Сәуір, 2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Осылайша бұл көрсеткіш өткен жылдың қазан айынан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Қазақстанда 2026 жылғы 19 шілдеден бастап барлық банктер бірыңғай банкаралық QR-төлемдер жүйесіне қосылуға міндетті болады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Сәуір, 2026
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Қазақстан футбол федерациясы Даму кубогі матчтарына U-16 жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Тізімге таяуда Испанияның атақты командасы «Барсеолонамен» келісімшартқа отырған Кәрім Меңдіханов та енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 24 Сәуір, 2026
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Қостанайда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілді. Төлемдер Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Сәуір, 2026
Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Еуропалық одақ 2026 жылғы 23 сәуірде Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін жариялады. Аталған тізімге енгізілген субъектілер қатарында Қазақстанда тіркелген United Trading Group компаниясы да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Сәуір, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
24 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс және батыста – жауын-шашын, дауыл, тұман, екпінді жел, батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Соңғы бес жылда Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 23 Сәуір, 2026
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Астанада Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет күндерінің ашылу салтанатында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 23 Сәуір, 2026
Орталық Азиядағы өңіраралық ықпалдастық: Жаңа қаржылық тетіктердің мәні
Астана мен Ташкент арасындағы экономикалық байланыс жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Экспортты қолдау құралдарының кеңеюі Орталық Азиядағы ықпалдастыққа тың серпін бермекші, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2026
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында канализацияда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құдыққа түскендерінде электрик пен слесарь қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 23 Сәуір, 2026
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Өңірлік экономикалық саммиттің екінші күнінде Қазақстанның энергетикалық ауысуына арналған «QaJET» елдік инвестициялық платформасын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 23 Сәуір, 2026
Базардағы тексерістен кейін 80-нен астам делдалдың жұмысы тоқтатылды
Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев Қарағанды қаласына жұмыс сапары барысында көтерме және әмбебап базарларды аралап, бизнес өкілдерімен, базар иелерімен кездесу өткізді. Кездесулер барысында базарларда бірқатар делдалдық схема анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 23 Сәуір, 2026
Өскемендегі сарбаз өлімі: Үш әскери қызметші қызметінен босатылды
Өскемен маңындағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болуына қатысты қылмыстық іс тергеліп, материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 23 Сәуір, 2026
Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысы қашан аяқталады?
Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы жоспарға сай жүріп жатқанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысын жыл соңына дейін аяқтау көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысына Сауд Арабиясы Королі мен Тақ мұрагерінен хат келді
Президентке Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әл Сауд хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Президент отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Былтырдан бастап елімізде 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде атап өтіліп келеді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс сот жарыссөзі кезеңіне өтті. Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев сотта айыптау ұстанымын таныстырып, айыпталушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, жаза мөлшерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.