Аймақтар • Бүгін, 13:06

Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысының тапсырмасынан кейін Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу шаралары қарқын алды. Өңірлік комиссия Оралдағы «Алтын Алма» базарында рейд жүргізіп, негізсіз көтерілген баға белгілерін бірден алдыртып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Комиссия мүшелері ет және көкөніс павильондарын аралап, саудагерлермен тікелей диалог орнатты. Кәсіпкерлерге сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау, баға белгілерін міндетті түрде қою және санитарлық нормаларды сақтау талаптары түсіндірілді.

Рейд барысында картоп саудасындағы жеткізу тізбегінен екі артық делдал анықталып, олар бірден айналымнан шығарылды. Бұл қадам бағаның айтарлықтай арзандауына жол ашты. Бұрын картоптың келісі сапасына қарай 230-250 теңгеден сатылған. Қазір «AQJAIYQ» ӘКК тұрақтандыру қорынан өнім тікелей жеткізіліп, 165 теңгеден сатылымға шықты (жеткізу бағасы – 145 теңге).

15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды

Қазіргі таңда тұрақтандыру қоры базарға тәулігіне 5 тоннаға дейін өнім жөнелтіп жатыо. Арзан әрі сапалы көкөніске сұраныс жоғары. Мұндай жеткізілімдер мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін жалғаспақ.

Жыл басынан бері БҚО-да өңірлік комиссияның 11 отырысы өтті. Тексерулер нәтижесінде:

1. Сауда үстемесін заңсыз өсірудің 47 фактісі анықталды.

2. Барлық заң бұзушы кәсіпкерлерге әкімшілік жаза қолданылды.

Комиссияның бұл жұмыс форматы бағаны жедел реттеуге мүмкіндік беріп отыр. Көшпелі тексерулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Соңғы жаңалықтар