Оқиға түнгі уақытта болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 03:00-де жүргізуші қала көшелерінің бірінде дрифт жасап, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Құқық қорғау органдары жүргізушінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Оған қатысты 6 бірдей әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар толтырылды.
Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін де Алматыда қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген осындай жағдайлар тіркелген болатын.
Еске салайық, Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды.
Бұған дейін елорда көшесінде де қауіпті дрифт жасаған шетелдік жүргізуші жауапқа тартылған болатын.