ми
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024
Премьер-Министр: Жаңаөзенді жан-жақты дамытуға қолдау көрсетіледі
Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде Жаңаөзен моноқаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады. Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауда • 24 Қыркүйек, 2024
Дүкен сөрелерінің 30 пайызында жергілікті өнімдер тұруы міндетті
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Павлодар облысына жұмыс сапары барысында бизнес өкілдерімен кездесіп, ішкі сауда субъектілері отандық тауарларды қолжетімді орындарға орналастыруға міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қыркүйек, 2024
Өңірлерде шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша жоба іске қосылады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жуырда облыс орталығында өткен республикалық семинарда аталған жобаның қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2024
Пәкістанда 12 елдің елшісі отырған көлік жарылды
Пәкістанның Хайбер-Путунхва провинциясында Сват қаласына туризм мәселелері бойынша конференцияға бара жатқан елшілер мінген кортеж коллоннасы минаға тап болып, жарылған, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Қазақстанда өңірлік тексеру комиссияларын тарату жоспарланып отыр
Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында мемлекеттік аудит жүйесіндегі реформалар топтамасын іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2024
Сырдария өзеніне суды автоматты есепке алу жүйесі орнатылады
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінде суды автоматты есепке алу жүйесі орнатылатын 10 бекетті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Ел мектептерінде білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеріс жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қыркүйек, 2024
Енді ел азаматтары қызмет көрсету ақысын мәзірде көрсетілген болса ғана төлейді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен кездесті. Кездесуде мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерге қызмет көрсеткені үшін 10% төлем алу тәжірибесінің заңдылығын, сондай-ақ депозиттік жүйе мәселелері талқыланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне бірқатар міндет жүктеді
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024
Қорғаныс министрлігінде жаңа функциялар пайда болды
Қорғаныс министрлігінде пайда болған жаңа функциялар әскери қызметке, мемлекеттік құпияларға, оқу жеңілдіктеріне және өрт қауіпсіздігіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 19 Қыркүйек, 2024
Қарағандыда дін мәселелері бойынша семинарлар өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Қарағанды облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2024 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024
Қазандықтар дайын: Жылуды ертерек қосу мүмкін бе?
Бұл туралы ОКҚ алаңында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Қыркүйек, 2024
Биыл 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
2024-2025 оқу жылында елімізде 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады деп жоспарланған. Бұл жалпы білім алушылардың 86,3%-ын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 18 Қыркүйек, 2024
Елорданың 1 200-ге жуық азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады
Астана қаласының Жастар сарайында күзгі әскерге шақыру науқанында Отан қорғауға ниеттенген азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Ер азаматтардың алғашқы легі Шекара қызметіне аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 17 Қыркүйек, 2024
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2024
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Астанаға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Egemen.kz УзА-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2024
Ортақ Түркі әліпбиі: Декларацияға қол қойылды
Осы айдың 9-11 күндері Әзербайжанның Баку қаласында Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамы бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024
Грант иелене алмай қалған түлектер министрліктің үстінен арыз жазған
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл талапкерлерден 22 шағым түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 14 Қыркүйек, 2024
ІІМ жанынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды
Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
«Бір белдеу, бір жол»: Ұлы Жібек жолын жандандыру идеясы өзекті
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов бастаған қазақстандық делегация Гонконгта «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өткен 9 саммитке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2024
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2024
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қызметінен босатылды
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың сәуір айынан бері атқарып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2024
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған Орал тұрғыны 7 жылға сотталды
Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты 2019-2020 жылдар аралығында «Качество PLUS» ЖШС қаржы пирамидасын құрған Орал қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 10 Қыркүйек, 2024
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС ұжымына жаңа бас директор тағайындалды
Бүгін Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) ұжымына жаңа бас директор Дамир Әшімовті таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомстовның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Оқушылардың жаппай улануына кінәлілер жазаланады - Ғани Бейсембаев
Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстау мектебіндегі балалардың жаппай улануына байланысты атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. Ол кінәлілерді жазалауға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Жоғарғы Сот Төрағасы Түркия Сот төрелігі академиясының президентімен кездесті
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркия Сот төрелігі академиясының президенті Мухиттин Өздемирмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Ербол Мырзабосынов: Жастар – әрбір мемлекеттің басты активі
Елордада Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар және спорт мәселелеріне жауапты министрлерінің 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2024
Араб инвесторлары Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Араб үйлестіру тобының өкілдері – Сауд Даму Қорының бас директоры Сұлтан Абдулрахман әл-Маршади және ОПЕК қорының президенті, доктор Абдулхамид Алхалифамен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.