Оқиға • 07 Қараша, 2024

«Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін


 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:

1. «Үздік спорттық телевизиялық репортаж»;
2. «Үздік спорттық жарияланым»;
3. «Үздік спорттық фоторепортаж».
 
Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне немесе sportpress86@mail.ru электрондық поштасы арқылы («2024 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.

Айта кетейік, қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025