Ли
Оқиға • 05 Қараша, 2024
Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып әкеткен
Ақтауда қатты жел көтеріліп, аялдама павильонын қиратқан. Салдарынан қала тұрғыны дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Қараша, 2024
Олжас Бектенов Қытай Премьерімен кездесті
Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қараша, 2024
Қазақстан азаматтары Ливаннан аман-есен оралды
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 04 Қараша, 2024
Қазақ-корей ынтымақтастығы нығайып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен барды. Онда Кореяның Сыртқы істер министрі Чо Тхе Ёльмен келіссөз өткізіп, «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мақсатында корей компаниялары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2024
Қарағандыда майнинг құрылғысын ұрлаған экс-полицей ұсталды
2023 жылдың желтоқсан айында іздеуге жарияланған Қарағанды облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев бір жылға жуық уақыттан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2024
«Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі Хасан Қасымбаев қамауға алынды
Алматы облысының Полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 03 Қараша, 2024
Голливуд фильмдерінің қазақ тілінде дыбысталуы үлкен жетістік - Аида Балаева
Соңғы кездері Sony, Disney және Pixar сияқты ірі студиялар фильмдерін қазақ тілінде дубляждап шығарып, қазақ дубляжының өрістеуіне жол ашып отыр. Бұл үрдіс тіліміздің әлемдік деңгейде насихатталуына тың серпін береді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 03 Қараша, 2024
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын қолға түсті
Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған облыс тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қараша, 2024
Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіріп жатыр
Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Қараша, 2024
Астана қаласы мәслихатының депутаттары жастармен кездесті
Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Әрекет ету уақыты» өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық құрылтайына қатысушылармен кездесіп, әлеуметтік бастамаларды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Қазақстан жүзушілері Сингапурда екі рекорд орнатты
Сингапурда жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде отандастарымыз екі ұлттық рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Қараша, 2024
Оқушылар арасында V республикалық шешендік өнер байқауы өтті
Елімізде желілік «Абай мектептерінің» оқушылары арасында V республикалық «Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысы» шешендік өнер байқауы өз мәресіне жетті. Оған әр өңірдегі Абай мектептерінен 30-ға жуық білім алушы қатысып, ойдың ұшқырлығы, тілдің шешендігі бойынша өзара бәсекеге түсті. Биыл республикалық байқаудың қорытындысы Ақмола облысында шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Жанкүйерлер Жәмила Бақбергенованы қошеметпен қарсы алды
Еркін күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қазан, 2024
Дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан құтқарушының марапаты табысталды
6 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында қаза тапқан құтқарушы Хали Қайраттың марапаты туыстарына табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Қазан, 2024
Астанада қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті
Бәсеке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің құқық қорғау, күштік және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Қазан, 2024
Павлодарда құны 100 миллион теңгеден асатын вейптер тәркіленді
Павлодарда полицейлер жертөлелердің бірінен құны 100 миллион теңгеден асатын жүздеген мың вейптерді тапты. Бес адам күдікке ілініп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Қазан, 2024
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ел балуаны Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қазан, 2024
Қостанай облысындағы республикалық жолда қозғалыс шектелді
«ҚазАвтоЖол» АҚ Қостанай облысындағы республикалық жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2024
Алматыда көз жұмған күзетшінің өліміне қатысты тергеу қайта басталды
Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу бөлімі элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта өндіріс қалпына келтіріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2024
Екі күн ішінде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталды - ІІМ
Ішкі істер министрлігі жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мәдениет • 30 Қазан, 2024
Кинотеатрларда архивте сақталған тарихи бейнематериалдар көрсетіліп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының архивінде сақталған кино, фото және аудиоқұжаттар негізінде жасалған бейнематериалдар әзірледі.Тарихи көрсетілім еліміздегі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы – жалпы 24 кинотеатрда, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері кешкі уақытта көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 29 Қазан, 2024
Қаныш Сәтбаев атындағы республикалық химия олимпиадасы өтіп жатыр
Білім додасына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және республикалық жасөспірімдер олимпиадасының өңірлік кезеңдерінің қатысушылары арасынан іріктелген 9-11 сыныптардан 80-ге жуық оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 29 Қазан, 2024
Республикалық білім бәйгесі: Үшінші кезең басталды
Бүгін ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңі басталды. Бұл туралы сала министрлігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2024
Қазақстанның экспортқа арналған алғашқы жер серігі – Моңғолиямен тарихи келісім
Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстан-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2024
Ақтауда пәтерлерді тазалау сылтауымен тонаған ұрылар ұсталды
Ақтауда ер адам мен әйел жалған клинингтік қызмет көрсетіп, 8 пәтерді тонап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды
Қазақстан Президенті Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Ұлан-Батыр қаласындағы Шыңғыс хан ұлттық музейін арнайы барып көрді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2024
Президент Моңғолия Премьер-министрімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 29 Қазан, 2024
Геннадий Головкин Олимпиадада боксты сақтап қалу үшін не істейтінін айтты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин Пуэблодағы бокстан U19 әлем чемпионатының қатысушыларымен кездесті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауы өтті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Жетісу облысы әкімдігінің атсалысуымен Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2024
Екі ел басшылары бірлескен декларацияға қол қойды
Келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Содан кейін қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.