Оқиға • 05 Қараша, 2024

Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып әкеткен

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда қатты жел көтеріліп, аялдама павильонын қиратқан. Салдарынан қала тұрғыны дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып әкеткен

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде пайда болған алдын ала мәлімет бойынша, Ақтаудағы бірінші шағын ауданда аялдама кешені опырылып түскен. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 5 қараша күні болғанын хабарлап, түсініктеме берді.

«Нәтижесінде бір адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады өңірдің Полиция департаменті.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30