у
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Қостанайда бірнеше бизнес нысаны су астында қалды
Қостанай мен Тобыл қаласын байланыстыратын үш көпірдің екеуі жабық. Тәуелсіздік көшесінен Қостанай ауданына шығатын ортаңғы көпір ғана ашық тұр.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды
Бүгін обыс әкімі Серік Шәпкеновтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2024
Ерлікпен қаза тапқан 17 сарбазды еске алу рәсімі өтті
Осыдан тура 29 жыл бұрын 7 сәуірде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс кезінде ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33-і ауыр жарақат алды. Содан бері жыл сайын 7 сәуір – Ерлік күні болып саналады. Қазақстан батальонының құрамында тәжік-ауған шекарасын күзеткен шекарашылар қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұлықтауды дәстүрге айналдырған.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Құлсарыдан «Теңіздегі» вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам көшірілді
Атырау облысындағы Құлсары қаласының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Екі күнде «Теңіз» кен орнындағы вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Су деңгейі рекордтық көрсеткішке көтерілді
Бүгін таңертең «Қазгидрометтің» хабарлауына қарағанда, Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасында плотинадан асқан судың деңгейі 2017 жылғы рекордтық көрсеткішінен (338 см) асып, 365 см-ге жетті.
Оқиға • 07 Сәуір, 2024
Атырау облысындағы Құлсары қаласында екі адамның мүрдесі табылды.
Үкімет • 07 Сәуір, 2024
Премьер-министр Атырау облысындағы су тасқыны жағдайын бақылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы ахуалды бақылады. Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Талғат Нәрікбаев: Барлық университетті апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырамын
Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев ел Президентінің су тасқыны салдарына қатысты үндеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 07 Сәуір, 2024
Әл-Фараби мұрасы жаңа қырынан зерттеліп жатыр
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында ІІІ халықаралық Фараби форумы өтті. Ғұлама ғалымның бай мұрасын жаңа қырынан зерттеу, отандық және шетелдік фарабитанушыларды біріктіріп, жаңа зерттеулерді саралауды мақсат еткен «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» тақырыбындағы конференцияға Қазақстанның және өзге елдердің ғалымдары қатысты.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Құлсары қаласының 7 шағын ауданына тасқын су қаупі төніп тұр
Атырау облысының жедел штабының мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен әкімшілік нысандарды тасқын су басқан.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Қарғын су басқан өңірлерде 3 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істеп жүр
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Жем өзеніндегі жасанды бөгеттер бұзылып жатыр
Атырау облысында Жем өзеніндегі жасанды бөгеттерді бұзу жұмыстары жүріп жатыр.
Ауа райы • 07 Сәуір, 2024
Бүгін қай өңірлерде жаңбыр жауады?
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова атап өткендей, республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
ТЖМ: 63 927 адам эвакуацияланды
Осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою Департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Жылыой ауданынан 28 501 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы деректерге сәйкес, құтқарушылар су тасқыны болған аймақтардан 28 501 тұрғынды, оның ішінде 6 781 баланы қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Сәуір, 2024
Қатты жел соғып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мамандары еліміз бойынша 7 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Сәуір, 2024
Ниетіміз бұзылған: Жұбаныш Жексенұлы су тасқынының себебін атады
Танымал әнші, композитор Жұбаныш Жексенұлы еліміздегі төтенше оқиғаларға адамдардың өздері себепкер болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 07 Сәуір, 2024
Бас прокуратура су тасқынына байланысты төрт тергеу бастады
Бас прокуратура су тасқынына байланысты төрт тергеу амалын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Қаратомардан су жіберу секундына 3300 текше метрге дейін ұлғайды
Бүгін сағат 20.30-да Қаратомардан секундына 3300 текше метр су жіберіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2024
Олжас Бектенов: Ең басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазіргі кезде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасып отырған Қостанай облысында жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2024
Бірде-бір адам ескерусіз қалмайды – Мәулен Әшімбаев
Қарғын судың салдарынан еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетіліп жатыр
Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта елді мекендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Суды бұру, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2024
Бөгеттер тасқынға төтеп бере алмады
Ақтөбе облысы аумағындағы өзендер бойындағы 206 гидротехникалық құрылғы әбден тозған, стратегиялық нысандардың көбі шаруа қожалықтарының иелігіне өтіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Рудныйда 163 адам эвакуацияланды
Рудный қаласының Речной, Южный көшелерінен және қалаға қарасты Перцев ауылынан 163 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындардың көбі қауіптің беті қайтқанша туыс-туғандарының үйін паналай тұруды жөн көрген. 5 адам эвакуация пунктіне орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Атырауда төтенше жағдай режимі жарияланады
Бұл туралы жедел штабтың жиынын өткізген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Қанат Бозымбаев Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмысты үйлестіруге келді
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Сәуір, 2024
Олжас Бектенов пен вице-премьерлер су тасқыны болған аймақтарда жүр
Олжас Бектенов пен вице-премьерлер су тасқыны жағдайы ауыр өңірлерде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Ақтаудан атыраулық тұрғындарға 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа Маңғыстау облысының тұрғындары гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Қазақстанның бес облысында республикалық тасжолдарды су басты
Қазақстанның бес облысында республикалық тасжолдардың жеті учаскесін еріген су басып қалды. Сондай-ақ еліміздің алты облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2024
Маңғыстаулық дәрігерлер Атырау облысынан құтқарылғандарға медициналық көмек көрсетіп жатыр
Бейнеу ауданына 6 сәуірде Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері барған болатын. Олар су тасқыны салдарынан эвакуацияланған Атырау облысының тұрғындарына қажетті медициналық көмек көрсететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.