Қара
Қоғам • 05 Сәуір, 2022
Әлихан Смайылов Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді
2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 50%-ға дейін жеткізу қажет. Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі пайым, қағидаттар мен тәсілдер дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрініс табатын болады. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Сәуір, 2022
Елімізде ұн мен астық экспортына шектеу қойылады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ұн мен астық экспортына шектеу қою туралы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2022
Қарағандыдағы нөсер арнасында тоғыз жасар бала батып кетті
Бүгін Қарағандыдағы қала көшелерінің біріндегі нөсер арнасында 9 жасар бала батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2022
Қарағанды облысында 2 баланы ит қауып кетті
Қарағанды облысында екі баланы ит қауып кетті. Оқиға салдарынан бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Сәуір, 2022
S&P халықаралық агенттігі Қазақстанның егемен кредит рейтингін растады
2022 жылғы 1 сәуірде S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің «тұрақты» болжамды «BBB-» деңгейін растады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 30 Наурыз, 2022
Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды
Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов бейнебайланыс арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Ерден Әріповты ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Наурыз, 2022
Интернет-дүкен арқылы есірткі сатқандар ұсталды
Қарағанды облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Білім • 29 Наурыз, 2022
Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары ЖОО-ларға конкурссыз түсе алады
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қандай қосымша мүмкіндіктер қарастырылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2022
Қарағандыда бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдайдың тұрақтанғаны байқалды. Бұл ретте Қарағанды облысы бас дәрігерінің орынбасары жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2022
Халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі
Ендігіде «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі деп хабарлады Egemen.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2022
Қарағанды облысының әкімі халықпен жаңа форматта кездесті
Облыс халқымен жаңа формат аясында есептік кездесулер өткізіп жүрген өңір басшысы Жеңіс Қасымбек бұл жолы Бұқар жырау ауданына барып, сондағы бірқатар ауылдарының тұрғындарымен жүздесті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2022
«Саран» шахтасында шахтер мерт болды
24 наурызда Қарағанды облысында орналасқан «Саран» шахтасында тау-кен қазындысын шығару кезінде шахтер мерт болды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 24 Наурыз, 2022
Орман қорғау да оңай шаруа емес
Мықты маман қай кезде де саланың тірегіне айналатыны даусыз. Әсіресе орман шаруашылығы секілді жауапты салада салмақты азаматтардың атқарған тынымды тірлігі қай кезде де көзге бірден түседі.
Әлем • 24 Наурыз, 2022
БҰҰ Ресейдің Украинаға қатысты қарарын қабылдамады
Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің Украинаға қатысты қарарын қабылдамады. Кеңеске мүше 13 ел қалыс қалып, тек Қытай қолдаған, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ-ның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 16 Наурыз, 2022
Қарағанды аумағында «жасыл» мәртебенің қолданылу мерзімі ұзартылды
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2022
Қазақстанда құрылыс жүргізудің жаңа стандарттары енгізіледі
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары енгізілетін болады. Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс салуды қалыптастыру, қалыптасқан құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 14 Наурыз, 2022
Алматыда «Ұлылар үндестігі» атты халықаралық конференция өтті
Бүгін Алматы қаласында Халықаралық Түркі академиясы «Ұлылар үндестігі» атты халықаралық конференция өткізді. Аталған шара ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, заңғар жазушы М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Наурыз, 2022
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Ербол Әлиқұлов Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2022
Сыртқы істер министрі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 11 Наурыз, 2022
Донаруммамен төбелесе жаздады дегенді журналистер ойдан шығарған – Неймар
Франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Неймар испаниялық «Реалға» қарсы өткен ойыннан кейін команда қақпашысы Джанлуиджи Донаруммамен ерегісіп қалды деген әңгіме тараған болатын. Футболшы бұл сыбысты жоққа шығарған жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Катонқарағайда қар барысы фототұзаққа ілінді
Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Наурыз, 2022
Халықаралық валюта қоры Украинаға қомақты қаржы беретін болды
Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі Украина еліндегі жағдайды ретке келтіру үшін 1 миллиард 400 миллион доллар қаржы қарастырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Наурыз, 2022
Қарағандыда тергеу изоляторынан қашып кеткендер ұсталды
Қарағанды обылысының Шахтинск қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышынан қашып кеткен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы еліміздің әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады
Президент еліміздің әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қаржы • 04 Наурыз, 2022
Қазақстанда халықаралық ақша аударымдары артты
Ұлттық Банк келтірген мәліметтерге зер салсақ, халықаралық қаржы аударымдары жүйесі арқылы ақша аударымдарының жиынтық көлемі 21% - ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Наурыз, 2022
Ресейдің валюталық резервінің жартысына жуығы қысқарды
S&P халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингін «ВВ+»-тен «CCC-»-ке дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ-»-тен «CCC-»-ке дейін төмендетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Сұхбат • 03 Наурыз, 2022
Сламбек Тілеуғабылұлының саналы өмірі қазақ киносымен тығыз байланысты. Бүкілодақтық кинематография институтын тәмамдағасын, ұзақ жылдар «Қазақфильм» киностудиясында қатардағы маманнан директорлыққа дейінгі жолдан өтіп, ұлттық киномыздың дамуына үлесін қосты. Алайда көзіқарақты қауым оны талантты режиссер ретінде жақсы біледі. Жұртшылық қызығып көретін бірқатар көркем, деректі фильмнің авторы. Қазір елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Жуырда ол кісімен кездесіп, кино тақырыбында әңгіме өрбіткен едік.
Пікір • 03 Наурыз, 2022
Үкімет мүшелері кімді тыңдайды?
Көзі қарақты оқырманның жадында болар, осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын «Egemen Qazaqstan»-да (2019 жылғы 10 желтоқсан) жарияланған «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы Сексеуіл кентін қақ жарып өтетін темір жолдың бір жағында тұратын 360 оқушы күн сайын мектепке 13 рельстің үстімен қатынап, бастарын бәйгеге тігіп жүргені сыналған болатын.
Медицина • 01 Наурыз, 2022
Димаштың қолдауымен елімізге халықаралық қайырымдылық ұйымының көмегі келіп жетті
2022 жылдың қаңтарында елордадағы «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығына» (ҰҒОО) Project C.U.R.E. халықаралық қайырымдылық ұйымының гуманитарлық көмегі келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2022
Түркі академиясына ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов арнайы келді
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.