Қазақстан • 29 Маусым, 2022

Қазақстанда күнбағыс майының тапшылығы жоқ - министр

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев күнбағыс майының экспортына не үшін шектеу қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күнбағыс майының тапшылығы жоқ - министр

«Қазақстанда күнбағыс майының тапшылығы жоқ, болған да емес. Негізі әлемдегі дағдарысты қарап отырсаңыз, өткен 3-4 айда күнбағыс майы қымбаттап кетті. Көршілес елдерде май екі-үш рет қымбаттап, табылмай халықтың дүрліккен кездері болды. Қазақстанды алсақ, біз жыл көлемінде 1 млн тонна күнбағысты өзіміз шығарамыз және өңдейміз. Негізі Қазақстандағы күнбағыс майын қайта өңдеу зауыттары 2 млн тонна күнбағысты өңдей алады. Демек, жүктеліп отырған деңгейі төмен, 50-ақ пайызы толып отыр. Сол себепті, біз күнбағыс майының өзіне квота енгізген болатынбыз», деді Ербол Қарашөкеев Мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, бұл квоталар тамыздың аяғына дейін күшінде болады, онда 15 мың тонна күнбағыс, 68 мың тонна шикі күнбағыс майын шығаруға квота берілген.

«Біз өз алдымызға балансты сақтау талабын қойып отырмыз. Біріншіден, күнбағыстың өзін шығаруға рұқсат етіп, өз зауыттарымыздың да жүктемесін қамтып, күнбағыс майын өзіміз өндіретіндей деңгейге шығару. Күнбағысты 1 млн тонна емес, 4 млн тонна етіп шығара алсақ, әрине шектеу квотасын қоймайтын едік. Сол себепті біз квота енгізгенде бағасын мұқият қарап, шаруалар келер жылы күнбағыс екпей қоймасын деп, балансты сақтап отырмыз», деді Ербол Қарашөкеев.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03