тау
Президент • 17 Желтоқсан, 2025
Президент бір топ энергетикті мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласының майталмандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 17 Желтоқсан, 2025
Хромтау қаласының әкімі пара алғаны үшін сотталды
Хромтау аудандық сотында қаланың бұрынғы әкімі Сағындық Шабықбаев пен Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрбек Қазбектің ісі қаралды. Айыпталушылар сотта кінәсін мойындап, айыппұл ретінде жаза тағайындауды сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2025
Геннадий Головкин Көкшетаудағы спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
Ақмола облысының Көкшетау қаласында заманауи «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешені ашылды. Елде баламасы жоқ бұл нысан арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен салынған. Салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қаржы министрі Мәди Такиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкин, UFC аясында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Чилидің жаңадан сайланған президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 15 Желтоқсан, 2025
Қысқы демалыс: Алматы облысында қыста қайда баруға болады?
Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға арналған қысқы демалысқа баруға болатын Алматы облысының үздік 8 бағытын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ТЖД-ның техникалық базасы 80 пайызға жаңартылды
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы 80 пайызға жаңартылды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 13 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда жасыл энергетика бағытында халықаралық жоба қолға алынды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «HYRASIA ENERGY» ЖШС өкілдерін қабылдап, Hyrasia One жобасының іске асырылу барысын талқылады. Кездесу барысында компанияның бас директоры Алмас Айдаров атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2025
Маңғыстау облысында биыл 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды
Биыл Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзендегі бірқатар әлеуметтік нысандарға көлік кілттері тапсырылды
11 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты елді мекендерге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты, жаңа жедел жәрдем көліктері мен қызметтік автокөліктерді ауылдық округтерге табыстады, әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты, мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың үйіне барып мәселелерін тыңдады және дзюдодан жастар арасында өтетін Қазақстан чемпионатының ашылуына қатысты.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Дастан Рыспеков Жезқазған-Қызылорда жолын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған–Қызылорда бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынын бақылап, нысандағы мердігер мекемелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Қостанайда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған шенеунік қамауға алынды
Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Meta компаниясы ЛГБТ насихаты бар аккаунттарды бұғаттап жатыр
50-ден астам ұйым өз парақшаларының қолжетімсіз болғанын немесе мүлде өшірілгенін хабарлаған. Бұл туралы британдық The Guardian басылымы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысында өрт кезінде балаларды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Ұлытау облысында өрт кезінде үш баланы құтқарған патрульдік қызмет взводының инспекторы Әсет Әбдуақитов және Ұлытау облысы ПД-ның Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің патрульдік қызмет взводының инспекторы Нұрболат Нұрғабыл «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Еліміздің тағы бір өңірінде тауар бағасын рубльмен көрсеткен дүкен анықталды
Ақмола облысының Шортанды ауданындағы дүкендердің бірінде тауарлардың бағасы рубльмен көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 09 Желтоқсан, 2025
Ақтауда өрт кезінде 8 жастағы бала қайтыс болды
Ақтауда болған өрт салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматы өзгерді
Қазақстанда білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жүйесі жаңарып, оның мазмұны түбегейлі өзгерді. Бұдан былай аттестаттау бақылау шарасы ретінде емес, оқу орындарындағы білім сапасын, қолжетімділігін және мемлекеттік стандартқа сәйкестігін кешенді бағалайтын тетік ретінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
Қазақстандағы 662 стоматологиялық клиникаға тексеріс жүргізіледі
Елімізде балалардың бір сәтте бірнеше тісін жалпы наркозбен емдеу жағдайлары бойынша шағымдар жиілеп кеткен соң, Денсаулық сақтау министрлігі стоматалогиялық клиникаларға тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2025
Ақтауда аялдамадан ер адамның денесі табылды
Бүгін, 7 желтоқсан күні таңертең Ақтау қаласының 9-шағын ауданындағы аялдамалардың бірінен ер адамның денесі табылды. Оқиға орнына жедел жәрдем және полиция қызметкерлері шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2025
Ақтау тұрғындарының саны 300 мыңнан асты
Қазіргі таңда қала халқының саны 303 752 адамды құрайды. Оның ішінде жыл басынан бері 6001 сәби дүниеге келген. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов өңір басшысының қатысуымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытатын жобалар жүзеге асырылды
Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес Маңғыстау облысында аграрлық секторды дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқын алуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 06 Желтоқсан, 2025
Көкшетауда «таза көмір» технологиясымен заманауи жылу электр орталығы салынып жатыр
6 желтоқсанда Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ақмола облысы мен қала басшылығымен бірге Көкшетауда салынып жатқан жаңа жылу электр орталығының құрылыс барысымен танысты. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Көкшетау ЖЭО» ЖШС жүзеге асыруда, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Желтоқсан, 2025
Президент Финляндия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Финляндия Президентін құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Қайтыс болған донор 4 адамға өмір сыйлады
Алматыда 4-клиникалық аурухана базасында көп ағзалық донорлық үдеріс өтті. Бұл туралы Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз, бұған жол беруге болмайды
Бүгін «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шарадағы сөйлеген сөзінде Президент Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект технологиясын тиімді қолданған жөн
Бұл туралы Мемлекет басшысы «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 05 Желтоқсан, 2025
Іле Алатауында бәйшешек гүлдеді
Қызыл кітапқа енген Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) қыста гүлдеді. Бұл туралы Іле Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметі хабарлады. Әдетте бәйшешектің бұл түрі наурыз немесе сәуір айында ғана гүл ашқан, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді
Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.