Президент • Бүгін, 10:13

Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Грекия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.

Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды

Соңғы жаңалықтар