у
Аймақтар • 01 Сәуір, 2026
Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Qazaq Oil-R437» жанармай құю бекетінің аумағында жазатайым оқиға болды. Жанармай құю бекетінде металл бөшке жарылып, жалдамалы жұмысшы әртүрлі дәрежеде күйік алған, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 01 Сәуір, 2026
Әкесін соққыға жыққан азаматтың ісі: Сот айыпталушыға қатысты үкімді өзгертті
Түркістан облысы Шардара ауданында 70 жастағы денсаулығы нашар әкесін жүйелі түрде ұрып келген Алмас Садақбаевтың жазасы қатаңдатылды. Түркістан соты прокуратураның апелляциялық өтінішхатын қарап, жаза мерзімін 5 жылдан 6 жылға ұзартты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 01 Сәуір, 2026
«Әйелін сыйға тарту – қылмыс»: Депутат желідегі «дүмше» ұстаздарға шұғыл тойтарыс беруге шақырды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ақпараттық кеңістікте діни ұстаздардың кейпін жамылып жүргендерге қатысты кесімді пікірін білдірді. Ол қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарын менсінбейтін, өзге елдің идеологиясын таңған топтардың әрекетіне тосқауыл қою керектігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Сәуір, 2026
Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?
Жыл басынан бері Қазақстан мектептерінде директорларды жаңа «2+2» жүйесі негізінде тағайындау туралы ұсыныс қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі қалалық мектептердің басшыларын алдымен 2 жыл мерзімге тағайындап, директор діттеген межені орындаса қызметін тағы екі жыл орындауға мүмкіндік берілетінін түсіндірді. Ал ауылдық жерлердегі мектеп басшылары үшін «3+3» мерзімі ұсынылған. Білім беру ұйымдарындағы бұл бастама «мерзімсіз басшылық» тәжірибесінен арылып, мектепті басқару моделінің ашықтығын арттыруды көздейді. Сондай-ақ ұсыныс кәсіби бәсекелестікті дамытып, жас кадрларға да жол ашады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Сәуір, 2026
Аида Балаева: Қазақстанда 700-ден астам білім беру бағдарламасы қысқартылады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева технологиялық өзгерістер мен саяси реформаларды жүзеге асыру жағдайында білім беру және кадрлар даярлау жүйесін трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 01 Сәуір, 2026
«Малшы мен ветеринар жоқ»: Депутат азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын айтты
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин атына депутаттық сауал жолдап, ауыл шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығы мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2026
Елімізде құпия мәліметтердің қауіпсіздігіне бақылау күшейеді
Қазақстанда мемлекеттік құпияларды сақтауға қатысты жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды
Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды. Құқық қорғау органдары заңгерге қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Далида Ділмұратқызы: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек
Кеше «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Pingwin Friends» ғимаратында боулингтен «Наурыз-2026» турнирі өтті. Оған мүгедектігі бар адамдардың 3 қоғамдық ұйымы қатысты. (Қалада жалпы 7 команда бар). Наурыз мерекесі аясында өткен аталған жарыс спорттың жаңа түрін дамытуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 01 Сәуір, 2026
«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты ел тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық өткізуді ұсынған еді. Бұл шара азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға қатысты қолданылады. Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым жүргізуші куәлігінен айырылғандарды көлік басқару құқығын қалпына келтіруге бағытталған кез келген рақымшылық тетіктеріне енгізуге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізілгенін хабарлады. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Сәуір, 2026
Қырымда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады: 29 адам қаза тапты
Қырым аспанында Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 29 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Сәуір, 2026
Америкалық журналисті ұрлағандардың бірі ұсталды: Күдікті қауіпсіздік қызметінің өкілі болуы мүмкін
Ирактың Ұлттық барлау қызметі америкалық журналист Шелли Киттлсонның ұрлану фактісі бойынша тергеуді өз бақылауына алды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Сәуір, 2026
АҚШ әскері Ираннан кете ме? Трамп маңызды үндеу жасайды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ирандағы жағдайға қатысты маңызды үндеу жасайды. Бұл туралы Трамп әкімшілігінің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Сәуір, 2026
30 градусқа дейін ыстық: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжамынша, бүгін кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Таразда 11-сынып оқушысы әкесінен алимент өндіріп алды
Тараз қаласындағы жеке мектептің 11-сынып оқушысы сот арқылы өз әкесінен алимент өндіріп алды. Ай сайын 68 мың теңге көлемінде оқу ақысын төлейтін қыз ұзақ жылдар бойы өміріне араласпаған және материалдық қолдау көрсетпеген әкесінен заң жүзінде көмек алуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Сәуір, 2026
Қор нарығында доллар арзандады
Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валютаны қанша теңгеге айырбастауға болатыны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Наурыз, 2026
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Үкімет теңгерімді тарифтік саясатты іске асыруды жалғастырады. Қолданылатын тәсіл кезең-кезеңімен және атаулы сипатта жүзеге асырылады, күрт әрі экономикалық тұрғыдан негізсіз шешімдер қабылданбайды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты
Астанада Наурыз мерекесі аясында ұсынылған «Ұлы дала аруы» атты алып арт-инсталляциясы әлемдік рекорд ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде мәдени мұраны қорғау саласында мамандар даярлауды күшейту көзделген, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 31 Наурыз, 2026
Абай мұрасы мен «Қыз Жібек» операсы: Қазақстан ЮНЕСКО тізіміне қандай жаңа номинацияларды жолдады?
Үкімет ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Оның жеке бөлімі «Әлем жады» бағдарламасы шеңберіндегі деректі мұраға арналған. ЮНЕСКО тізіміне қандай нысандар енгізілгені және Қазақстаннан қандай номинациялар жіберілгені туралы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
Астана қаласында жылу маусымы жақын күндері тоқтатылуы ықтимал. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте стипендия көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік шешімдерге тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтіп, геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдану жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2026
Президент «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады
Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 31 Наурыз, 2026
«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституцияға қатысты мақаласы америкалық «The National Interest» журналында жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 31 Наурыз, 2026
Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Атырауда биыл масалармен күрес барысында дрондар қолданылады. Бұл технология бұрын қолмен өңдеу қиын болған аумақтарды тиімді қамтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Таяу Шығыс елдерінен студенттер Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысуға белсенді түрде қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 31 Наурыз, 2026
Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады
Бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов теміржол саласында инновацияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 31 Наурыз, 2026
Иран Дубай жағалауындағы алып мұнай танкеріне соққы жасады
Дүйсенбі күні Иран Дубай маңында мұнай танкеріне шабуыл жасады. Осы тұста АҚШ президенті Дональд Трамп егер Иран Ормұз бұғазын ашпаса, Америка оның энергетикалық нысандары мен мұнай кен орындарын жермен-жексен ететінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.