Қазіргі таңда қазақстандық студенттердің ең көбі Біріккен Араб Әмірліктерінде білім алуда – шамамен 1 722 адам. Кейбір университеттер оқытуды онлайн форматқа көшірген.
Министрдің сөзінше, бұл жағдай Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінде шетелдік студенттерден де, соның ішінде ел азаматтарынан да ауысу бойынша көптеген өтініштер түсіп жатыр. Жалпы 500-ден астам ақпараттық сұраныс келіп түскен. Ауысу мүмкіндігі туралы нақты мәлімет мамыр айында жарияланбақ.
Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді
Сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасы бойынша Таяу Шығыс елдерінде оқып жатқан студенттер жоқ екені айтылды.