облыс
Аймақтар • 19 Ақпан, 2025
Алматы облысы Қытаймен ынтымақтастықты нығайтып келеді
Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь арасында кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Шаруашылық • 19 Ақпан, 2025
Министрлік су үнемдеу бойынша 5 облыста семинарлар өткізіп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша шаруаларға арналған семинарлар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2025
Ер адам өз пәтерінде онлайн-казино ұйымдастырған
Павлодарда заңсыз бизнеспен айналысқан тұрғын әлеуетті клиенттердің тобын құрып, онлайн покер ойнауды ұсынып отырған. Ұтысты өзінің жеке картасына қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2025
«Қазақмыс» кенішіндегі апаттың себептері он күн ішінде анықталады
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішіндегі апаттың себептерін тексеру және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөніндегі Үкіметтік комиссия жұмысының барысы туралы баяндамасы тыңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Ақпан, 2025
Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығымен кеңес өткізді. «Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті қаржылық көмек көрсетіп, сондай-ақ олардың несие қарыздарын өтейді.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2025
Көкпекті ауылында 10 отбасы баспаналы болды
Бұқар жырау ауданының Көкпекті аулында салынып біткен 2 пәтерлі 5 үйді аудандық әкімдік сатып алып, иелеріне кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2025
Үкіметтік комиссия шахтадағы апат орнында жұмысын бастады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысындағы ТЖ орнында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
Мәулен Әшімбаев қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған төтенше жағдайда қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2025
Орынборда тасқынға тосқауыл мәселесі талқыланды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орынбор облысына жұмыс сапары аясында Орынбор облысының көктемгі су тасқынын өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары Андрей Вязиковпен кездесті. Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, Су шаруашылығы басқармасы және Росгидромет өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Ақпан, 2025
Ұлытау облысындағы апатқа орай полиция қылмыстық іс қозғады
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде жеті адам қаза тапқан апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы апатқа байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Ақпан, 2025
Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Ақпан, 2025
Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Алматы облысы 270 мың тонна жүгері жинады
Өткен жылы Алматы облысының диқандары 49,1 мың гектар жерге жүгері егіп, толық өнім жинады. Орташа өнімділік гектарынан 55 центнерді құрап, жалпы 270,7 мың тонна өнім алынды. Бұл – өңірдің соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіштерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2025
Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып түсті
Екібастұз қаласындағы сауда орталығының аспалы төбесі опырылып түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шамамен 150 шаршы метр төбе құлаған.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2025
Қостанайда өрт шыққан үйде 25 адам қалып қойған
Қостанайда жанып жатқан үйде 25 адам қалып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
Өлкенің өлмес мұрасы таныстырылды
Астана қаласындағы ұлттық кітапханада «Киелі мекен, қасиетті өлке – Құрманғазы» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2025
Абай облысының әкімі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды
Белгілі журналист Жұлдыз Тойбек "Egemen Qazaqstan" газетінің Ұлытау облысы бойынша тілшісі болып тағайындалды. Жұлдыз Райымбекқызын ұжымға «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Павлодар облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды
Павлодар облысының Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы жолда қарлы боранда Тойота маркалы автокөлігі тұрып қалған. Көлікте 6 жолаушы болған.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
«Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» атты пилоттық жоба іске қосылды
Ақмола облысында Мемлекет басшысының бірыңғай дрондар инфрақұрылымын енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Түркістан облысының кәсіпкерлері жаңа салық реформасын талқылады
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов бизнес өкілдерімен, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық және аудандық кеңес мүшелерімен кездесіп, жаңа салық реформасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Жамбыл облысында 22 жастағы полицей өзіне оқ атты
Жамбыл облысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері жұмыс орнында өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2025
Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
Қайғылы оқиға 11 ақпан күні сағат 19:40-та Алматы-Ташкент тас жолының 203-ші шақырымында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2025
Балаларға құрт қаптаған ботқа берген балабақшаға айыппұл салынды
Аталған облысқа қарасты Қандыағаш қаласындағы «Самал» балабақшасында балаларға берілген ботқадан құрт пен қоңыз табылғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Осы оқиғаға орай санитар мамандар тексеру жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Ақпан, 2025
Екі облыс аумағында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды
Аталған шектеулер – ауа райының бұзылуына байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Ақпан, 2025
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
11 ақпанда ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Асқар Қаныбеков Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2025
Орал театры «Дина» драмасын сахналады
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры «Дина» атты деректі драманың тұсауын кесті.
Оқиға • 11 Ақпан, 2025
Күйеуі әйелін аяусыз ұрып-соғып, ауруханаға жібермей қойған
Өзбекстанның Самарқанд облысында күйеуі әйелін бірнеше күн ұрып-соғып ауруханаға жібермей қойған. Салдарынан 27 жастағы әйел алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2025
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Биылғы жылдың 28 қаңтарында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.