Оқиға • 19 Ақпан, 2025

Ер адам өз пәтерінде онлайн-казино ұйымдастырған

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда заңсыз бизнеспен айналысқан тұрғын әлеуетті клиенттердің тобын құрып, онлайн покер ойнауды ұсынып отырған. Ұтысты өзінің жеке картасына қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ер адам өз пәтерінде онлайн-казино ұйымдастырған

Фото: freepik.com

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өз үйінде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған азаматтың ісін сот қарауына жөнелтті. Департамент басшысының орынбасары Ринат Арғынбековтің айтуынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қозғалған.

«Ер адамның үйін тінту барысында 37 монитор мен 14 жүйелі блок, 45 ұялы телефон, 7 ноутбук, ақшалай 700 мың теңге және 5 мың ресей рублі, 2 флеш-жинақтауыш, 6 дискі, покер ойынына арналған жинақ табылды. Заңсыз онлайн-казиноны департамент мамандары интернет-платформаға мониторинг жүргізу кезінде анықтады. Ол адамдарды жұмысқа қабылдап, тәулік бойы жұмыс істеген. Әрбір сегіз сағат сайын ауысып отырған. Әлеуетті клиенттеріне онлайн покер ойнауды ұсынып, ұтыс ақшасын картасына қабылдап келген», дейді Ринат Арғынбеков.

Ер адамның заңсыз жолмен тапқан ақшасы тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15