Соңғы жаңалықтар
Рухани тәуелсіздікке апаратын жол
Латын әліпбиіне көшу бастамасына еліміздегі қорық-музейлердің ұжымы да үн қосуда. Атап айтарлығы, олар латын әліпбиін таңдау рухани тәуелсіздікке апаратын жол екенін бірауыздан мәлімдеді.
Саясат • 28 Қыркүйек, 2017
Ұлтымыздың латын әріптаңбалы жаңа әліпбиінің жасалуы – рухани жаңғырудың басты темірқазығы. Ұлттық сананың кемелденуі мен білім көкжиегінің кеңеюі. Латын әліпбиі арқылы алаштың ана тілін алты құрлыққа танытуға бетбұрыс жасап отырмыз. Саяси маңызы бар тарихи сәтке куә болу бақыты бұйырған азамат ретінде мен осыған қуанамын.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Жер қорларын ұтымды пайдалану маңызды
С.Мұқанов атындағы әмбебап кітапханада Парламент Мәжілісі Аграрлық комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда жер заңнамасына қатысты өзекті жайттар қаралып, талқыланды.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Жамбыл облысы соңғы екі жыл қатарынан әр гектардан 24-25 центнер дәнді дақыл алып, 1 млн 200 мың тонна астық жинаған. Бұл облыста бұрын-соңды болмаған көрсеткіш екен. «Бұрын біз әр гектардан 10-12 центнер алсақ қуанатынбыз. Ал қазір алты жылдың көрсеткішін екі жылда орындап отырмыз», деді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.
Сот жүйесіндегі оң тәжірибе таныстырылды
Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Жібек жолындағы сот ынтымақтастығы бойынша халықаралық форум жұмысына қатысты.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017
Етікші граф немесе Толстойдың ХІІІ томы
Өмірінің соңғы кездері Лев Толстой жазушылықтан гөрі қарапайым тұрмыстық жұмыстарды ерекше бағалай бастапты.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Асфендиар сұлтанның зираты қоршалды
Асфендиар сұлтан – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың шөбересі, Айшуақ ханның немересі, Кіші жүз Жетірудағы табын руын басқарған, дистанция бастығы болған белгілі тұлға. Оның ұлдары – Мұхаммед Мағзұм Неплюев кадет корпусын, Сейітжаппар Орынбор қаласындағы қазақ сұлтандарының балаларын орыс сауатына үйрету үшін арнайы ұйымдастырылған мектепті бітірген. Ал Сейітжаппардың ұлы Санжар Асфендиаровтың қазіргі Қазақстанның жоғары білім саласын, тарих ғылымын, білікті медицина қызметкерлерін даярлау жүйесін қалыптастырудағы ұшан-теңіз еңбегін көпшілік жақсы біледі.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Көкшеліктердің көршілеріне арнаған мұнан басқа да сыйы бар екен. Осы театрдың актері Құмарбек Қалқатаевтың, Қойшыбек Нарбаевтың сөзіне жазылған «Қазақтың Кәмшаты» және Қаратай Төлекеевтің сөзіне жазылған «Кәмшат апам» атты әндерінің тұсаукесері өтті.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай 9 жылдан бері жалғасып келе жатқан «Туған табиғатты аялайық» республикалық жобасының аясында аталмыш бақтың алғашқы көшеттері – 120 сән (катальпа) ағаштары ресми түрде егілді.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Жұдырықты жұлдыздармен жүздесті
Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын. Бұл қағиданы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті әрқашан ұран етіп келеді. Жақсымен өткізген жарты сағаттың өзі жанға шуақ сыйлайтынын ректор Ерқара Аймағамбетов ерекше ескереді. Таяуда білікті басшы университеттің бірінші курс студенттерін атақты спортшылармен кездестірді. Студенттер мәдениет сарайында «Тәуелсіз елімнің туын желбіреткен чемпиондар» деген атаумен өткен концертке сол «жұлдызды» топ қонаққа келді.
Қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі дыбысталады
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Google Translate жүйесінде қазақ тілінде ауызша аударма жасауға мүмкіндік беретін Voice-to-Text қызметі таныстырылды.
Руханият • 28 Қыркүйек, 2017
«Мәзһабтар тарихы» көзқарасын өзгертті
Соңғы кезде Ақтөбе аймағында өзге теріс діни ағымның жетегінде адасып жүргендер саны азайып келеді. Біз төменде осындай жағымды жайттың бірі жөнінде аз-кем әңгіме қозғағанды жөн көрдік. Бұл жөнінде газет тілшісіне Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті баспасөз қызметінің жетекшісі Индира Ізбасханқызы айтып берді.
Үкімет • 28 Қыркүйек, 2017
Бақытжан Сағынтаев өз орынбасарлары мен ҚР ПМК басшысы арасында міндеттерді бөлді
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» өкімге қол қойды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
Астана әкімдігі үздік білім беру мекемелерін марапаттады
Астана әкімдігі ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында қаладағы үздік білім беру мекемелерін марапаттады.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
Өзбекстанмен парламентаралық байланыстарды үдету туралы келісімдерге қол жеткізілді
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 25-27 қыркүйекте Өзбекстан Республикасында ресми сапарда болды. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеёвтің қабылдауында болды және өзбек Парламенті қос палатасының басшыларымен келіссөз жүргізді, Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтің көкнәрші Молдарәсіл туралы жазған көркем дүниесі бар. Күніне бір мәрте көкнәр езіп ішіп, сосын қалың ұйқыға кетіп кәйіп болмайынша бас сүйегі сынып, денесі қақсайтын киеванның соңы сол әдеби кейіпкермен біткен жоқ. Оңтүстіктің күнгей аудандарының бірінде кісісі өліп қаралы болып жатқан үйдің жаназасынан кейін берілетін шайында көкнәр болмаса бетін сипап, етегін қағып орнынан тұрып кететін шалдар әлі де бар.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2017
Павлодар қаласының №2 соты 34 жастағы жеке кәсіпшілікте менеджер болып жұмыс істейтін Рустам Гильмановтың (сотталушы есімі өзгертілді) қылмыстық ісін қарап, оны алты жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге үкім шығарды. Бұл оның жастығына қарамай, төртінші рет сотталуы. Бірнеше рет істі болуына басты себеп – саналы түрде теріс діни экстремистік жолға түсіп, ауыр қылмыс жасауы.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2017
Судьяға әділдік пен әдептілік тән
Тәуелсіздік жылдары еліміз өзін әлемдік қоғамдастықта зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде танытып, халықтың экономикалық әл-ауқатын артырып, мықты билік жүйесін құра білді. Осы даму кезінде мемлекеттік сот жүйесі де өзгерді. Әділ сот төрелігіне қол жеткізу үшін ең алдымен судьялық әдеп қағидаларын сақтау қажеттігі айқындалды. Біз осы және басқа да мәселелерге байланысты Жоғарғы соттың судьясы Ғалымжан МЫРЗАКЕГЕ жолығып, сот төрелігіне қол жеткізудегі басты басымдықтар туралы айтып беруін сұрадық.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
Еліміз тарихындағы орны ерекше
ЭКСПО-2017 көрмесі халықтардың достығын, қазіргі заманның жетістіктері мен инновациялық технологияларын көрсеткен заманауи көрме болды. Ол Қазақстанның, Астананың танымалдылығын арттыра түсуге үлкен үлес қосты. Оны көруге төрт миллионнан астам адам келді.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Шығыста су және жел электр стансалары салынады
Жақында ғана Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Шығыс Қазақстан облысы 140-қа жуық «жасыл» энергетика саласындағы жобаларын ұсынған болатын.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» ашық шығармашылық конкурсы жарияланды
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс жариялайды.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2017
Біз көп біле бермейтін, көп емес-ау мүлде білмейтін, бірақ адам өміріне аса қажет мамандық түрлері аз емес екен. Жақында Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі арнайы ұйымдастырған пресс-тур барысында шаһарымызда елеусіз ғана еңбек етіп жатқан ерекше мамандық иелерімен тілдесіп, жұмыстарымен жақынырақ танысудың сәті түсті.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2017
Марат Жыланбаевтың есімі Гиннестің рекордтар кітабына марафоннан әлемнің 7 мәрте рекордшысы ретінде енген. Ол – төрткүл дүниенің ең үлкен құмды шөлдерін бір өзі ғана жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз марафоншы. Мысалы, әйгілі желаяқ 1993 жылдың 25 ақпаны мен 23 наурызы аралығында Қарамқұмның 1700 шақырымын 24 күнде бағындырып, жүгіріп өткен.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017
Google Translate қазақ тілінде ауызша аудару қызметін қосады
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мəлімдеді.
Футбол • 28 Қыркүйек, 2017
2014 жылғы әлем чемпионатының финалын миллиардқа жуық адам тікелей эфирден тамашалапты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Төрткүл дүниенің төрт бұрышында ала допқа қызығатындар саны жыл санап артып келеді. Сүйікті командасының ойынын тікелей тамашалау үшін аренаға ағылатындар қаншама?! Әйтсе де Қазақстандағы жағдай тіпті бөлек.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017
Осыдан біраз бұрын Мәскеудегі Орыс шетелі үйінде аса көрнекті орыс жазушысы Георгий Гребенщиковтің 130 жылдығына арналған кеш өтіп, онда белгілі әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов сөз сөйлеген болатын. Ғалым-қаламгердің қазақ жерінде туып, өз шығармашылығымен қазақтар өмірін әлемге әйгілеген, заманында Нобель сыйлығына ұсынылған аса көрнекті сөз зергері туралы «Forum Rоerich» сайтында жарияланған мақаласын аударып, «Егемен Қазақстан» оқырмандарына ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Білім • 28 Қыркүйек, 2017
Ұлт ұрпағының ұғымтал болып өсуі ұстаздарға байланысты. Өйткені халқымыз ертеден мектеп табалдырығын аттаған әр баланың санасына «Мектеп – екінші үйің, ұстаз – екінші ата-анаң» деген ұғымды сіңіріп келеді.
Театр • 28 Қыркүйек, 2017
«Себеп бар жаным, себеп бар, аспандағы жұлдыздар айтса да, себеп бар...» деп, Шекспирдің «Отеллосы» айтқандай, әр істің басталуында әйтеуір бір себептің болары анық.