Жан
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2024
Маңғыстау облыстық ауруханасында апаттан зардап шеккен 6 науқас қалды
Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасының бақылауымен ұшақ апатынан зардап шеккен 14 (13 ересек, 1 бала) Әзербайжан азаматы өз еліне эвакуацияланды.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2024
Үкімет басшысы Астанадағы Әзербайжан елшілігіне барды
Премьер-министр Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2024
Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды
25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты бүгін, 26 желтоқсанда Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Аzertag.az агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апатынан көз жұмған Қазақстан азаматтарының есімдері аталды
Төтенше жағдайлар министрлігі 25 желтоқсан күні Ақтау қаласында апатқа ұшыраған Әзербайжан әуекомпаниясына тиесілі ұшақта болған Қазақстан азаматтарының аты-жөнін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулықтар Әзербайжан елшілігі ғимараты маңына гүл шоқтарын қоюда
Маңғыстау облысында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында қаза тапқандар мен ауыр зардап шеккендер бар. Ақтау қаласындағы Әзербайжан Бас Консулдығы ғимаратына келіп, қамығып, көңіл айтып жатырған халықтың қарасы қалың, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 25 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулық жастар Әзербайжан Республикасының Бас Консулдығына барып көңіл айтты
Маңғыстаулық жастар Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасының Бас Консулдығына барып, қайғылы жағдайға орай көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024
Ақтауға Әзербайжан делегациясы келіп жетті
Бүгін Ақтау маңында Әзербайжаннан ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшырады. Ауыр апатқа байланысты Әзербайжан тарапынан арнайы құрылған комиссия Ақтауға барды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2024
Президентке Ақтаудағы апат бойынша соңғы деректер баяндалды
Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апаты: Әзербайжан Президенті көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Желтоқсан, 2024
Күрестен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2024
Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Жандос Қанатұлы Ақыл 2024 жылғы 20 желтоқсанынан бастап Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2024
Өзбекстанда жанармай құю бекеті жарылып, бір адам көз жұмды
Ферғанадағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024
Зағип жандардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктері кеңейеді
Мәжіліс зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялады. Құжатқа 2013 жылы 27 маусымда Марракеш қаласында қол қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 12 Желтоқсан, 2024
Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
11 желтоқсан күні Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов құрлық доданы қорытындылап, сайыс нәтижелеріне қатысты пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Димаштың польшалық жанкүйерлері «Поляк-қазақ тілашарын» шығарды
Польшадағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубы елдегі тұңғыш «Поляк-қазақ тілашарын» шығару арқылы мәдени байланыстарды нығайтуға қадам жасады. Бұл кітап қазақ тілі мен Қазақстанның мәдениетін насихаттауға бағытталған екі жылдық жұмыстың нәтижесі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2024
Ұлытау облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нұржан Қарақожаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2024
ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды
Қалижан Жеңісбекұлы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бокс • 05 Желтоқсан, 2024
Ұлжан Сәрсенбек Вьетнам боксшысын айқын басымдықпен жеңді
Таиландта бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлжан Сәрсенбек Вьетнам өкілін сенімді түрде жеңді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2024
Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 03 Желтоқсан, 2024
Алматы кітапханаларында зағип жандарға жағдай жасалды
Қала әкімдігіне қарасты кітапханаларда көру қабілеті нашар және зағип жандарға арналған арнайы «жұмыс станциялары» пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 02 Желтоқсан, 2024
Ұлжан Сәрсенбек Украина боксшысын жеңді
Бүгін Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының үшінші күніндегі кездесулер өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Желтоқсан, 2024
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен бұл қызметке тағайындалған генерал-майор Ержан Ибраев жуырда офицерлер мен әскери қызметкерлерге таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 02 Желтоқсан, 2024
Азия чемпионаты: Бүгін екі боксшымыз шаршы алаңға шығады
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші күнінде ел атынан екі боксшы жұдырықтасады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Банктерді ЭЦҚ беру құқығынан айыру қажет - депутат
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаты Амерхан Рақымжанов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, кибералаяқтық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2024
Алматы тұрғыны автобуста әйелді соққыға жыққан
Қалалық полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Астанада XVIІ «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Астанада Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІ «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қоғамдық қызметте ерекше нәтижелерге қол жеткізген мүгедектігі бар адамдарға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қараша, 2024
Исландиядағы Рейкьянес түбегінде жаңа жанартау атқылауы болды. Оның ұзындығы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz The Reykjavík Grapevine журналына сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қараша, 2024
Аграрлық саладағы реформалар ауыл өмірін жақсартады - Айдарбек Ходжаназаров
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті. Форумда аталған саланың дамуына қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Осы ретте, Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Президенттің көтерген тақырыптардың қоғам белсенділері айтып жүрген мәселелерімен үндес екені ерекше қуантатынын жеткізді.
Оқиға • 15 Қараша, 2024
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 30 жыл
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.