Бокс • 24 Ақпан, 2025

Өзбекстандық екі Олимпиада чемпионы қазақ боксшыларымен жұдырықтасудан бас тартты

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өзбекстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстандық екі  Олимпиада чемпионы қазақ боксшыларымен жұдырықтасудан бас тартты

Фото: Asian Boxing Confederation

76-шы «Странджа кубогі» аясында бүгін Серік Теміржанов өзбекстандық Абдумалик Халоковқа қарсы шаршы алаңға шығу керек еді. Алайда қарсы тарап жұдырықтасудан бас тартты. Көрші елдің бокс федерациясы өздерінің бұл әрекетін Абдумалик Халоковтың кәсіби бокстағы кездесу уақытының өзгеруімен түсіндірді. 

«Абдумалик Халоковтың кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегі белгіленген уақыттан ертерек өтеді. Осыған байланысты ол Испанияға ұшып кетеді», делінген хабарламада. 

Ал кеше жеребе бойынша 67 келіде қазақстандық Төрехан Сабырханның қарсыласы атанған Асадхуджа Муйдинхожаев жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан. 

Осылайша өзбекстандық Париж Олимпиадасы чемпиондарының рингке шықпайтыны жарыс басталуына санаулы сағат қалғанда белгілі болып отыр.