ек
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Маусым айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Маусым айында мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан қосымша демалыс болмайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Кения Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Кения Президенті Уильям Рутоға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Мемлекет басшысы бүгінгі жоғары деңгейдегі келіссөздер Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге, оны жаңа деңгейге шығаруға берік негіз қалағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
«Даңғойлық жәрмеңкесіне айналды»: Депутат мектеп бітіру кештеріне қыруар қаржы жинау туралы
Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештерін мейрамхана, банкет залы, демалыс орны мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынғанын тағы еске салды. Сонымен қатар мектептерге ата-аналар мен оқушылардан ақша жинауға, мерекеге сыйлық не өзге де материалдық құндылық талап етуге болмайды. Бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, еліміздегі көптеген мерекенің әлдеқашан «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналып кеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Талғарда алаяқтар Джеки Чанның бейнесін пайдаланып зейнеткерді алдауға тырысқан
Талғар қаласында алаяқтар «Джеки Чанның бейнесін» пайдаланып, зейнеткерді алдауға әрекет жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 20 Мамыр, 2026
ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты
OpenAI компаниясы ChatGPT платформасында жеке қаржыға арналған жаңа бөлімді тестілеуді бастады. АҚШ-тағы ChatGPT Pro қолданушылары енді банк, несие, брокерлік және өзге де қаржылық шоттарын жүйеге байланыстырып, шығындары мен инвестицияларын бір жерден бақылай алады, деп жазады Egemen.kz.
Халық • 20 Мамыр, 2026
Қазақстан Халық Кеңесі билік пен халықтың өзара іс-қимылының жаңа алаңына айналады
Парламент екінші оқылымда Конституция нормаларын іске асыру үшін әзірленген «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Құжат халықтың мүдделерін білдіруді қамтамасыз етуге, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қоғамның қатысу тетіктерін дамытуға бағытталған жаңа институтты бекітеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Түркістанда ҰБТ-дан екі оқушы ең жоғары 140 балл жинады
Шымкенттік Айсұлтан Жаңбырбай мен Түркістан қаласының тумасы Жасұр Нышанбаев мүмкін болған 140 балдың барлығын жинап, ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 19 Мамыр, 2026
Қазақ тіліне жаңа сөздер қосылды: «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» байқауы мәреге жетті
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады. Қазақ тілінің қорын толықтыруды көздейтін байқау аясында қазақстандықтар тұрмыста жиі қолданатын 30 заттың қазақша баламаларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды
Жетісу облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойындарға әуестенгені үшін қызметінен босатылды. Бұл дерек прокуратура жүргізген тексеріс барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Алматы облысындағы қанды оқиға: Марқұмның туыстары ауыр қылмысты қайта қарауды талап етті
Алматы облысы тұрғындары әлеуметтік желіде тараған ауыр қылмысқа қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Марқұм ер адамның туыстары күдіктіге тағылған бапты қайта қарауды сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Түркі тілі, ислам дәстүрлері мен дала даналығы Алтын Орда кезеңінде біте қайнасты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби, Ясауи және басқа да әйгілі ойшылдар ілімінің Алтын Орда тұсында одан әрі дами түсуі заңдылық екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды
Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан симпозиумда ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2026
Орталық Азияда көш бастады: Қазақстан жаһандық бедел индексінде жетекші орынға ие болды
Қазақстан ұлттық беделдің жаһандық индексінде Орталық Азия елдері арасында жетекші орынға ие болды. CEOWORLD деректеріне сәйкес, еліміздің халықаралық имиджі жеткілікті жоғары деңгейде бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі
Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан халықаралық симпозиумда айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Мамыр, 2026
1600 балдың 1530-ын жинаған: Алматылық ерекше бала Berkeley университетіне оқуға түсті
Алматылық Мансур-Сойор Досанов University of California, Berkeley университетіне математика және физика бағыты бойынша оқуға қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 19 Мамыр, 2026
Шымкентте жасанды интеллект мектебі ашылды: Кімдер тегін оқи алады?
Шымкентте ЖИ мектебі іске қосылды. Жобаға 18 жастан асқан кез келген азамат тегін қатыса алады. IT саласында тәжірибесі жоқ адамдарға да мүмкіндік берілген. Қазір алғашқы қатысушылар бағдарламалау мен цифрлық жобалар жасауды меңгеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Денсаулық • 19 Мамыр, 2026
2027 жылдан бастап ел тұрғындары өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті тегін алады
Қазақстанда 3,4 миллион адам тегін дәрі-дәрмек алады. Келесі жылдан бастап ел азаматтарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тәсілі енгізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Енді көлік нөмірін мұраға қалдыруға рұқсат етіледі
2026 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда автокөлікті тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптарға сәйкес, пайдаланылған мемлекеттік нөмірлерді иесінің туыстарына немесе мұрагерлеріне беруге мүмкіндік туады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Мамыр, 2026
Отандық дәрі-дәрмек үлесі шамамен 40 пайызға жетті
Елімізде өндірілетін дәрі-дәрмек көлемі артып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2026
Өзбекстаннан жеткізілген 5 мыңнан астам гүл кері қайтарылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы залалданған өнімді тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 18 Мамыр, 2026
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Бакуде өткен Дүниежүзілік урбан форумының (WUF-13) 13-ші сессиясына қатысты. Іс-шара жедел урбанизацияның сын-қатерлерін және оның қалаларға, қоғамға, экономикаға және климатқа әсерін талқылау алаңы – БҰҰ-Хабитат платформасының қолдауымен өткізіледі, деп жазады Egemen.kz .
Қоғам • 18 Мамыр, 2026
Енді ХҚО-ларда кейбір құжаттар берілмейді: Оны қайдан алуға болады?
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі egov.kz порталында маңызды мемлекеттік қызметті толықтай онлайн форматқа көшіретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2026
Түркі мемлекеттері ұйымы 2027 жылы бірлескен жасанды жер серігін ұшырады
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) келер жылы орбитаға бірлескен ғылыми-технологиялық спутнигін ұшырады. Қазіргі уақытта жобаның сызбасы сызылып, құрастыру сатысы қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2026
Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды
ШҚО-ның Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 18 Мамыр, 2026
Алматының бірнеше ауданында жарық өшеді: Кесте қандай?
Алматыда 18-22 мамыр аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қаланың бірқатар көшелері мен шағынаудандарында электр қуаты уақытша шектелуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2026
Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы әлі ашылған жоқ
Астанадағы LRT жүйесінің №117 «Жібек жолы» станциясы әлі пайдалануға берілген жоқ. CTS компаниясының хабарлауынша, нысанға іргелес аумаққа абаттандыру жұмыстар жүргізіліп жатқандықтын жолаушыларды толыққанды қабылдауға әлі дайын емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2026
Астанадағы мектепте атыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Кеше әлеуметтік желілерде Астанадағы №27 мектепте атыс ұйымдастыру туралы хабарламалар пайда болған еді. Жазбалар мессенджерлерге тез тарап, оқушылар мен ата-аналарды алаңдатып қойды. Осыдан кейін мектеп дереу бақылауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Мамыр, 2026
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек көрсетті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран халқына гуманитарлық қолдау көрсету жөнінде берген тапсырмасына сәйкес KazAID халықаралық даму агенттігі Сыртқы істер, Төтенше жағдай және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесе отырып Иран Ислам Республикасына арналған гуманитарлық көмекті жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Мамыр, 2026
Президент Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.