Қоғам • Бүгін, 15:58

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтады

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады.
Қала әкімі оған әдебиет, мәдениет, қоғамдық ой-пікір мен антиядролық қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін құрмет көрсетіп, жүрекжарды лебізін жеткізді.
 
Олжас Сүлейменов 90 жаста
«Олжас Омарұлы қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа көркемдік тыныс әкелді. Сонымен қатар оның бастамасымен құрылған «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы әлемдік күрестің символына айналып, Семей полигонының жабылуына ықпал етті», делінген құттықтауда.
 
Соңғы жаңалықтар