Фото: ШҚО ТЖД
Әйгерім Рахатова Ұлан ауданындағы №10 өрт сөндіру бекетінің радиотелефонисі болып жұмыс істейді. Ол Түркияның Анталия қаласында 15-18 мамыр аралығында өткен додада ел намысын қорғады.
«56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен тартысты жекпе-жекте Әйгерім Рахатова алтын медаль жеңіп алып, кикбоксингтен әлем чемпионы атанды. Ол халықаралық аренада спорт шеберлігінің жоғары деңгейін, физикалық дайындығын, төзімділігі мен нағыз жауынгерлік рухын көрсетті», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, қазақ боксшылары Азия додасында 7 алтын медаль еншіледі.