«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
Президент «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz.