Президент • Кеше

Президент «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасын қабылдады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz.

Президент «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда

Биыл «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткен.

Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған.

Сондай-ақ холдинг осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жобаны қаржыландырған. 

Рустам Қарағойшин кездесу барысында «Даму» қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелерін таныстырды.

Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы да мәлімдеді.

Бұл «Инвестицияға тапсырыс» қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады.

Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды.

Президент инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атап өтіп,  «Бәйтерек» холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.

 

 

Соңғы жаңалықтар