«Қазақстан – майдан арсеналы»
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Астанада «Қазақстан – майдан арсеналы» көрмесінің ашылуы өтті
2025 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі Тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің бірлескен жобасы – «Қазақстан – майдан арсеналы» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрме Ұлттық музейдің Атриум залында ұйымдастырылып, 9 маусымға дейін жалғасады. Бұл мәдени шара – еліміздің тарихындағы маңызды белестердің бірі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.