Абай арманы
Ән • 22 Қыркүйек, 2025
Дүниені танудың тармағы көп, соның бірі – әуен арқылы әлемге үңілу. Хакім Абайдың ғаламшарына бұл жолы музыка кемесінің зерттеушілері келіп қонды. Француздың көрнекті композиторы Пьер Тиллуа «Абай арманы» атты шығарма жазып, ақын әлемінің көркемдік кеңістігіне бойлады. Саз бақшасы мен сөз патшасының үйлесімі «Қазақконцерт» сахнасында көрініс тапты.