Медициналық туризм
Медицина • 13 Қазан, 2025
Қазақстанда медициналық туризм қарқынды дамып келеді
2023 жылы Астанада ем алған шетелдік пациенттер саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе, ал 2024 жылы тағы екі есе артқан, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген
Ел экономикасының әлеуетін әлдендіру үшін туризмнің тетігі көп. Соның бірі – медициналық туризм. Қазақстан ем алу үшін елімізді таңдайтындар есебінен Орталық Азиядағы негізгі денсаулық сақтау пункті болуға қауқарлы. Себебі еліміздегі 9 медициналық ұйым саланың «Оскарына» баланған халықаралық Joint Commission International аккредиттеуін алған. Жоғары талап үддесінен табылатын медициналық мекеменің жетеуі Астанада, екеуі Алматы қаласында орналасқан. 24 қыркүйек күні Мәжілістің жалпы отырысында Respublica партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау отандық медицинаның осы бір артықшылықтарын алға тарта отырып, Медициналық туризм саласындағы Бірыңғай операторды құру ұсынысын ортаға салды. Депутаттың айтуынша, жоғарыда аталған Joint Commission International аккредитіне Қырғызстан қол жеткізбеген болса, Өзбекстанның 2 медициналық орталығы иемденген. Бұл көрсеткіш Қазақстанның салада көш бастауына зор мүмкіндік көзі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025
Жамбыл өңірінде 59 шетелдік шипа алған
Жамбыл облысы енді жоғары деңгейдегі медициналық туризм орталығы ретінде де таныла бастаған. Әсіресе, кардиохирургия саласындағы жұмыстар озық, деп жазады Egemen.kz.