Мисс Кәусар
Қоғам • Бүгін, 13:45
Қанатын қаққан құстың да арманы болатыны анық. Бүгінгі кейіпкеріміз үшін арман – теңіз, қабілет – сенім. Кәусар Ғалымжанқызы Қараман – балаларға ағылшын тілін үйретуге арналған «Miss Kaussar» бағдарламасының кішкентай жүргізушісі. Бұл жоба «Балапан» арнасында 3 телевизиялық маусым бойы шығып, көпшілік сұранысына ие болды. Қазір де қайталанып беріледі.