Олжас Омарұлы Сүлейменов
Руханият • Бүгін, 08:35
Жаһанға, жат елдерге ұлтты танытатын да, мойындататын да оның ұландары – ұл-қыздары, азаматтары екені бүкіл әлемде, адамзат, қоғам тарихында ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, қалыптасқан дүниетаным, дәстүр, қоғамдық пікір. Қандай да мемлекеттің басқа мемлекеттермен әріптестік, достық, бейбіт қатынастарының нәтижелі немесе нәтижесіз болуы да ресми дипломатиялық жолдармен қатар жеке тұлғалардың еңбектері мен жетістіктеріне байланысты.