ем
Президент • Бүгін, 12:28
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • Бүгін, 12:11
Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогі кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Тәшкенбай жарысты ширек финалдан бастап, Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Бүгін, 11:24
Өзбекстан футболшылары жанкүйерлердің ықыласына бөленді
Колумбияға есе жіберген Өзбекстан құрамасы матчтан кейін турнирді ұйымдастырған Мексикаға алғыс айтып, киім ауыстыру бөлмесінде жазба қалдырды. Көрші ел футболшыларының бұл әрекеті жанкүйерлерді сүйсінтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • Бүгін, 11:01
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
2026 жылдың шілде айында Астана күніне байланысты қосымша демалыс беріледі. Биыл 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келетіндіктен, бес күн еңбек ететін азаматтар 4, 5 және 6 шілде күндері үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Бүгін, 10:30
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Иран билігі Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алынатын алымдарды 60 күнге тоқтатты. Мұндай шешім Тегеран мен Вашингтон арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Бүгін, 10:22
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Биыл көктемде Volkswagen компаниясының директоры Оливер Блюме қайта құрылымдаудың алғашқы негізгі бағыттарын таныстырған болатын. Қазір концерннің мақсаты – 2030 жылға қарай әлемдегі ең тартымды автокөлік өндірушіге айналу. Сонымен қатар сатылымның рентабельділігі 8-10 пайыз деңгейінде болуы тиіс. Сондай-ақ компания 50 мың жұмыс орнын қысқарту жоспары бойынша белгіленген кестеге сәйкес жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • Бүгін, 08:53
Белгілі Алаш қайраткері Қошке (шын аты – Қошмұхамбет) Кемеңгерұлы – ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосқан тұлға. Сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметінің нәтижесінде кейінгіге қомақты мұра қалдырды. Әсіресе өз дәуірінің оқиғаларын тіркеп қана қоймай, сол оқиғаларға терең талдау жасап, тарихи үдерістің ішкі логикасын ашуға ұмтылғаны – тарихшылар үшін құнды дерек. Қошмұхамбет Кемеңгерұлының Омбы облысының тарихи архивінен табылған қолжазбасы осы сөзіміздің дәлелі.
Спорт • Бүгін, 08:45
Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды
Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Мексика мен Оңтүстік Корея құрамалары кездесті. Ойын Мексиканың Сапопан қаласындағы «Эстадио Акрон» стадионында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Бүгін, 08:22
Канада әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Джесси Марш бастаған Канада құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойында жеңіске жетті. Ванкуверде өткен матчта олар Қатар құрамасынан 6:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Бүгін, 02:05
Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
В тобындағы Швейцария мен Босния және Герцеговина құрамалары 2-турдағы кездесулерін өткізді. АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы SoFi стадионында өткен ойында 4:1 есебімен швейцариялықтар айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • Кеше
АҚШ пен Иран 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келуі мүмкін
Axios басылымы АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мәтінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • Кеше
Соңғы сәттегі пенальти ОАР құрамасын жеңілістен құтқарды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының А тобындағы 2-тур аясында Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы кездесіп, 1:1 есебін тең тарқасты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • Кеше
Назым Қызайбай әлем кубогінің екінші кезеңінде есесін қайтарды
3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіде бақ сынап жатқан Назым Қызайбай ширек финалда Польша боксшысы Виктория Рогалинскамен тағы да кездесіп, Бразилияда өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде жіберген есесін қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
17 маусым күні сағат 17:19-да «102» жедел арнасына қала тұрғынынан 3 жасар немересінің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • Кеше
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
18 маусымнан 19 маусымға қараған түні футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур басталады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • Кеше
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Абай облысында 4 гектар аумақты өрт шарпыды. Бұл осы аптада еліміздің шығысында орын алған 15-орман өрті болып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • Кеше
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Қазақстан халықаралық туристік нарықтағы позициясын нығайтып келеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту индексінде еліміз 2019 жылғы 80-орыннан 2024 жылдың қорытындысы бойынша 52-орынға көтеріліп, 5 жылда 28 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Кеше
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) екінші тур аясында кездеседі. Олар өзара плей-офф жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Кеше
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі L тобының алғашқы турында Гана құрамасы Панаманы 1:0 есебімен жеңді. Торонтода өткен кездесудің тағдырын қосымша уақытта соғылған жалғыз гол шешті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран президенті Масуд Пезешкиан Версальда 60 күндік өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Бұл құжат АҚШ, Израиль және Иран арасындағы мыңдаған адамның өмірін қиған әрі энергетикалық дағдарысқа әкелген соғысты тоқтатуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Кеше
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ең тартысты матчтардың бірі өтті. L тобындағы алғашқы турда Англия құрамасы Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Маусым, 2026
Әлем кубогі: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан ұтылып қалды
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің кезекті жарыс күні мәресіне жетті. Шаршы алаңға көтерілген үш боксшымыздың екеуі жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2026
Алматы-Өскемен тас жолындағы апат: Әскерилер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті
Алматы облысында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматтарға жедел медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Маусым, 2026
Англия мен Өзбекстан құрамасының бірнеше ойыншысы әлем чемпионатына қатыспайды
Әлем чемпионатында бірнеше құрама сапында өзгерістер болды. Жарақаттар мен медициналық қорытындыларға байланысты негізгі ойыншылар турнирден шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2026
Астана қаласы парақорлық ісі бойынша көш бастап тұр
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сүйене отырып, жемқорлыққа байланысты тіркелген қылмыстық істер саны бойынша өңірлер рейтингі жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2026
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Шри-Ланканың бұрынғы президенті Махинда Раджапакстың екінші ұлы – Йошита Раджапакса қамауға алынды. Ақпаратқа сәйкес, оны елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы айыптауларды тергеу комиссиясы (CIABOC) ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 17 Маусым, 2026
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент Мәжілісі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу туралы келісімдерді ратификациялады. Құжатқа сәйкес, Қазақстан жалпы сомасы 154,7 млрд жапон иенасы көлемінде несие тартады. Қазіргі бағам бойынша бұл 470 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Маусым, 2026
Әлем чемпионаты: Бүгін Португалия мен Конго алғаш рет кездеседі
Бүгін әлем чемпионатының К тобы аясындағы алғашқы тур матчында Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2026
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Үндістан билігі Telegram мессенджерін уақытша бұғаттады. Шектеулер 22 маусымға дейін күшінде болады. Бұған ауқымды деректердің таралып кетуі себеп болған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2026
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Дональд Трамп Ливанға қарсы ықтимал әскери әрекеті АҚШ пен Иран арасындағы келісімге әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.