жауынгер ит
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді
Ақмолада 44813 бөлімінде әскери қызметшілермен бірге Айқас есімді тазы тұқымынан шыққан ит оқу-жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр. Оны бөлімге командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары майор Нұрлыбек Жаманғарин 2020 жылы Қызылорда облысына қарасты Арал қаласынан алып келген, деп жазады Egemen.kz.