Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмолада 44813 бөлімінде әскери қызметшілермен бірге Айқас есімді тазы тұқымынан шыққан ит оқу-жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр. Оны бөлімге командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары майор Нұрлыбек Жаманғарин 2020 жылы Қызылорда облысына қарасты Арал қаласынан алып келген, деп жазады Egemen.kz.

Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді

Фото: Қорғаныс министрлігі

«Тазы ит көшпелілердің үйлесімді өмірін бейнелейтін «Жеті қазына» қатарына кіреді. Айқас менімен бірге 5 жыл қызмет етіп келеді. Біз үшін маңызды жетістік – Ақмола облысында өткен «Алтын қазына» республикалық тазы жарысында жеңіске жетуіміз және Ақтөбе облысындағы «Салбурын» далалық сынағында жүлделі орын алуымыз», деді майор Н.Жаманғарин.

Қорғаныс министрлігі

Тазы да нағыз сарбаз

5 жыл ішінде Айқас бөлімшенің күнделікті өміріне толықтай бейімделді. Оның күн тәртібі нағыз сарбаздікіндей екен. Таңертең тұру, ас ішу және оқу-жаттығулар ол үшін қалыпты жағдай.

Рәміздерге құрмет білдіреді

Әскери тәртіпке үйренген «тазы жауынгер» саптық жиындарға да қатысады. Ол плацқа бірінші болып келіп, командирдің бұйрығымен ту тұғырының жанында отырады. Салтанатты рәсімдерде Айқас ел рәміздеріне құрмет білдіріп, Мемлекеттік әнұранның әуеніне өзінше үн қосады.

Ең жақсы қасиеттерін айқын көрсеткен

Қызмет барысында Айқас тазы тұқымының ең жақсы қасиеттерін айқын көрсетті. Ол шапшаң, төзімді әрі тез үйренгіш. Сарбаздармен бірге әуе кеңістігін қорғау міндетін атқаратын әскери бөлім аумағын патрульдеуге шығады. Қырағылығы мен сезімтал есту қабілеті оған күзет міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Біз таңдаған жол

Пікір • Бүгін, 08:43

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30