ортақ құндылықтар
Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Ортақ Отан тоғыстырған құндылықтар
Қазақстанда Бірлік пен татулық мерекесі 1996 жылдан бері тойланып келеді. Елімізге сан тағдырмен келген өзге этнос өкілдері арамында берік ірге қалау үшін 1-мамыр мерекесі 1995 жылдың 18 қазанында тұңғыш Президенттің арнайы жарлығымен бекітілген болатын. Үш онжылдық тоғысында мемлекеттік саясат, Қазақстан халқы Ассамблеясы, қоғам қолдауы сынды үштаған талай сын шақта іргесі сөгілмей, ұлттар достығының озық үлгісін көрсетіп келеді. Ассамблеяның 30 жылдығы мен мереке аясында қазақ топырағында тату тірлік кешіп отырған этнос өкілдерімен Ортақ Отанымыз Қазақстан тоғыстырған халықтар достығының басты құндылықтары туралы сөйлестік, деп жазады Egemen.kz.