электронды қызметтер
Қазақстан • 06 Тамыз, 2025
Электронды қызметтер ел игілігіне айналып келеді
АҚШ электронды үкімет жүйесін 1993 жылдан бастап енгізе бастаса, Еуропа елдері 1997 жылдан бастап қолданған. Ал еліміз электронды үкімет порталын 2006 жылы іске қосса да, көп елдерден озып, алдыңғы қатарға шықты. БҰҰ-ның электронды үкімет индексі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орында болса, онлайн қызмет сапасы бойынша алдыңғы ондыққа енеді. Тіпті Швейцария, Франция, Қытай сияқты кейбір дамыған елдерден озық. Деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде халықтың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде пайдаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.