Құнды карта
Мәдениет • 08 Қыркүйек, 2025
Қазақстанға XI ғасырдағы құнды картаның көшірмесі жеткізілді
Қазақстандағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорына XI ғасырға тиесілі құнды тарихи дерек қосылды. Ұлыбритания елшілігі орталыққа Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында сақталған «MS. Arab. c. 90» шифрлы қолжазбаның 44a парағында бейнеленген Орталық Азия картасының көшірмесін сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.