қайта өңдеу
Экология • 06 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын полигондар жетіспейді
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында қалдықтарды басқару жүйесіне түсетін жүктеменің артуына байланысты проблема туындап отыр. Қайта өңдеу қуатының жетіспеуіне байланысты Баянды ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны тек өз аумағындағы ғана емес, Ақтау қаласынан, сондай-ақ Түпқараған ауданының бірқатар ауылынан келетін қоқысты қабылдауға мәжбүр. Жағдайды көзбен көріп, нақты шешімдер әзірлеу үшін нысанға Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин барды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2025
Жолдау 2024: Қайта өңдеу саласында екі мың кәсіпорын жұмыс істейді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесі 70%-ға жеткізілуі тиіс. Оны орындау мақсатында мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Мамыр, 2025
«Жасыл даму» АҚ «Technic Destroy» жобасына қолдау көрсетеді
Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу бағытындағы бастамаларын қолдай отырып, «Жасыл даму» АҚ экологиялық қауіпсіз технологияларды ілгерілетуге тағы бір қадам жасады. Компания электрондық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі «Technic Destroy» ЖШС-нің инновациялық жобасына ресми түрде қолдау білдіретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Депутат қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы кемшіліктерді атады
Мәжіліс отырысында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау Премьер-министр Олжас Бектеновке қалдық көму тәжірибесін тоқтатып, қалдықтарды қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 08 Қараша, 2024
Сенатта агро шикізатты қайта өңдеу мәселесі талқыланды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары мемлекеттік органдардың басшыларымен, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен фермер шаруашылықтарының өкілдерімен кездесті. Онда Қазақстанда тері мен жүнді қайта өңдеу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Наурыз, 2024
Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру, импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері» атты Үкімет сағатының қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдардың іске асырылуы туралы» тақырыбы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.