Astana Winner 2025
Көрме • 05 Мамыр, 2025
Таза қанды тазылар таныстырылды
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қазақы тазының халықаралық деңгейде тіркелгенін атап өтіп, бұл оқиғаның ел мәдениетінде маңызды орын алатынын жеткізген болатын. Осыған орай EXPO халықаралық көрме орталығында Astana Winner 2025 халықаралық иттер көрмесі мен «Қазақы тазы – 2025» моно тұқымды иттер көрмесі өтті, деп жазады Egemen.kz.