Редакция таңдауы
Өткен апта соңында әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласында бір оқушының коронавирус індетінен қайтыс болғаны жайлы жазба жарияланған еді. Осыған байланысты дүйсенбі күні облыстық денсаулық сақтау, білім басқармалары басшылары брифинг өткізіп, оқиғаның жай-жапсарын айтып берді.
25 Қаңтар, 2021
Қостанайда карантин талаптары қайта күшейді
Қостанай облысының мемлекеттік санитариялық бас дәрігері карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысына өзгерту енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қаңтар, 2021
Сау адамдарға ПТР-тест жасауға болмай ма?
Қазақстандықтар ПТР-тестілеу дені сау адамдар үшін жарамсыз деген ақпаратты талқылауда. Бұл туралы француз дәрігері Кристиан Перрон мәлімдеген екен. Оның айтуынша, талдаудың бұл әдісі 90%-5а дейін жалған оң нәтиже береді6 деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қаңтар, 2021
WhatsApp бір айдың ішінде 30 млн қолданушысынан айырылды
WhatsApp мессенджері соңғы 3 аптада 30 миллионнан астам қолданушысынан айырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.
25 Қаңтар, 2021
Қарақшылар 15 түрік теңізшісін тұтқынға алды (видео)
Түркияның әскери-теңіз басқармасы қарулы қарақшылар Нигерия жағалауының Гвинея шығанағында түрік жүк кемесіне шабуыл жасап, 15 экипаж мүшесін тұтқындады, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қаңтар, 2021
Бразилияда футболшылар бар ұшақ апатқа ұшырады
24 қаңтарда Бразилияның Порту-Насиунал қаласында әуе көлігі апатқа ұшырады. Оның бортында «Пальмас» футбол клубының ойыншылары мен президенті болған, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қаңтар, 2021
Билл Гейтс коронавирус вакцинасының алғашқы дозасын салдырды
Әлемдік Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы − Билл Гейтс коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қаңтар, 2021
Б.Байбек: Нұротандық депутаттың 616-сы – жастар
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Орталық кеңесінің отырысында Нұржан Жетпісбаев «Nur Otan»-ның жастар қанатының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі жазбасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қаңтар, 2021
Семейге жаңа әкім тағайындалды
Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Семейге жаңа әкім тағайындалды. Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясында депутаттар көпшілік дауыспен Нұрымбет Сақтағановтың кандидатурасын қолдады деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қаңтар, 2021
Семейде «демалмай тұрған» депутаттарға айыппұл салынды
Семейде маска тақпай суретке түскен қалалық мәслихат депутаттарына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасындағылар мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Қаңтар, 2021
Қас-қағым сәт. Алпыс жыл. Хас шебер
«Суреттерді түсірген Н.Қизатов. Суретті түсірген Нұрманбет Қизатұлы...». Өткен кеңестік кезеңде де, бүгінгі егемендіктің дәуірінде де бұл аты-жөні көзіқарақты газет оқырмандарына өте жақсы таныс екені айдан анық.
25 Қаңтар, 2021
Жаңа ғасыр табалдырықтан аттаған тұста ел спортында жарқ етіп жанған жұлдыздардың бірі – Галиб Жафаров. Ол – Ақтөбе облысындағы Қандыағаш ауданының тумасы. Әкесінің ұлты – әзербайжан, шешесі – қазақтың қызы. Галиб бала кезінен білікті бапкер Әлімбек Балмағамбетовтің қол астында жаттығып, уақыт оза елеулі табыстарға қол жеткізе бастады.
25 Қаңтар, 2021
Әйгілі тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабар туралы ең алғаш Ora Media хабарлады. CNN агенттігінің хабарлауынша, оншақты күн бұрын журналист коронавирус жұқтырғаны анықталып, Лос-Анджелестегі Cedars Sinai медициналық орталығына түскен.
25 Қаңтар, 2021
Өткен сенбі күні Ресей Федерациясының барлық өңірінде наразылық акциялары өткізіліп, көптеген адам көшеге шықты. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу қаласының орталығында болған митингке 4 мыңнан астам адам қатысқан.
25 Қаңтар, 2021
Жаңа құралдарға қарсы жаңа тәсілдер
Алматы облысына қарасты «Іле» полигонында десанттық шабуылдаушы әскерлердің жауынгерлік оқу-жаттығу жиыны өтті. Жаттығу барысында тәжірибе жүзінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресудің жаңа тәсілдері қолданылды. Жиынға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысып, оқу-жаттығу барысымен танысты.
25 Қаңтар, 2021
Әлібек-әлем немесе суретшіліктен – суреткерлікке
Қарымды қаламгер, көрнекті жазушы Әлібек Асқаров жайында айтар әңгімемізді бірер әлқиссамен бастаудың реті келіп тұрғандай. Әрине, қай ләміміздің де астар-ағысы, сайып келгенде,оның шығармашылық сыр-сипатына саятындығына еш шүбә болмаса керек. «Мона Лизаның портреті» атты, тақырыбы бір арнада тоғысқан сарындас әңгімелер жинағын оқи отырып, бізге қызық көрінген бір жайт – бүгінде сөз өнеріндегі суреткерлік шеберліктің қыр-сырын қапысыз меңгерген қаламгердің өмірдегі жолын суретшіліктен бастауы еді. Иә, жас талап алғашында төрт жыл көз майын тауысып Алматы көркемсурет училищесін бітіріпті. Түрлі бояулармен сурет салудың бақытын бастан кешіре жүріп, кейіннен өмір суретін сөзбен салу өнеріне ауысыпты. Бұл талпыныс-талаптың табыссыз болмағандығына Асқаровтың әдебиет аламанындағы алтайлық әдемі дүбірі, әсем жорғасы айғақ.
25 Қаңтар, 2021
Тik Tok-пен тақ-тұқ күрес пайда бермейді
Соңғы кезде сайттар мен түрлі газет беттерінде Тіk Тоk әлеуметтік желісі туралы жарияланым көбейді. Барлығының айтары Тіk Тоk-ты қадағалау керек, ол жердегі контент ұят, жастарды бұзуда» дегеннен әрі аспайды. Бірақ онымен күрес желіні жабумен немесе қатаң қадағалаумен шешілмейді. Өйткені ол мүмкін емес.
25 Қаңтар, 2021
Әскери ғалымдардың әлеуеті зор («Шағала» ұшқышсыз ұшу аппараты – соның айғағы)
Атақты қолбасшы Ю.Цезарьдің «Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайындал» деген қанатты сөзі бар. Қанды айқастың бетін аулақ қылсын, алайда сәт сайын түрленіп жатқан әлемде бәріне де дайын болған абзал. Себебі ғылым мен техника бейбіт өмірде ғана емес, әсіресе әскери салада қарыштап дамып жатқанын қаперден шығаруға болмайды. Осы мәселені отандық ғалымдарымыз да ой сүзгісінен өткізіп, еліміздің қорғаныс саласына қомақты үлес қосуға күш салу үстінде.
25 Қаңтар, 2021
Қазақстан биылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етуді қабыл алғаны белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің басшыларына Үндеу жолдап, алдағы қадамдарды айқындады.
25 Қаңтар, 2021
Қазақстанның әлемдік экономикалық рейтингтегі орны қандай?
Қазақстан экономикалық еркіндік көрсеткіші бойынша 180 елдің ішінде 40-орында тұр. Біздің елдің индексі 69,6-ны құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2021